• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Мәмілегерлік – қанымызда бар қасиет

492 рет
көрсетілді

Қазақ ежелден көңілі адал, бейбітшілік сүйгіш  халық екені белгілі. Бұл туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Жалпы, атам қазақ ешқашан өздігінен ешбір елге жаугершілік ниетпен шабуыл жасамағанын қарт тарихымыздағы жазбалардан анық көрінеді. Тек, өзіне қастық жасағандардан қорғану үшін қарсылық танытып, күш жұмсаған. Ал тіршіліктегі кездесетін түрлі мәселелерді мәміле арқылы оң шешіп отырған. Яғни, тіл табысу мен ынтымақтасу, ымыраласу арқылы ырыс-берекемізді арттырып отырған халықпыз. Мұндай ерекшелігімізді ұлы тұлғаларымыз да, елі­мізге табаны тиіп, жері­мізден дәм татқан шетелдік ғалымдар да айтып, жазып, жариялап әлем­ге паш еткен кезі аз емес. Ендеше, осы күндері тұр­лауы кеткен тіршілікте тарап­тарды татуластыру тетігін­дегі біздің рөліміз – түп-тамыры сонау қатпар-қатпар тарих­тың көне беттерінен бастау алады деу­ге толық негіз бар. Міне, тап осы тұста сөз етіп отырған мәсе­ленің екінші қырына тоқталайын. Бүгінгі байтақ еліміз, Кеңес өкіметін­дегі Қазақ­стан емес. Өз елі мен жеріне ие болып Тәу­ел­сіз Қазақстан атанған мем­ле­кет­тің мә­мі­легерлікке жүретіндей жөні бар-ақ. Сонымен қатар, айналып өтуге бол­майтын тағы бір мәселе – Мемлекет бас­шы­сының абырой, беделі. Себебі, қыз­метте жүріп шетелге іссапармен шық­қанымызда «Қазақстан» деген сөзді айтсақ, алдымен Н.Назарбаев тура­лы жиі естіп жататынбыз. Бұл – Елба­сымыздың есімі еліміздің атауымен астасып кеткенінің белгісі. Оның үстіне халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен әлемдік көшбасшылардың арасында Н.Назарбаев беделінің зор екен­дігін байқатса керек. Сондай-ақ, бей­бітшілік пен береке-бірліктің жер жа­һан үшін аса құнды екендігін Қазақ­стандағы мамыражай тіршілікке қарап тұрып түсіне қою аса қиын бола қой­мас, сірә. Сондықтан да, тыныш­тық­ты ту еткен көптеген елдің бас­шы­­лары Астана процесінен мол үміт кү­­тіп, зор ниетпен осындай игі бас­та­маны қолдап, қуаттады. Әрине, бұл келіссөздердің көпшілігі күт­кен нәтижеге бастар жол болатыны күмәнсіз. Әбдіжәлел БӘКІР, саяси ғылымдар докторы, профессор