• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Головкиннің бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды

270 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы Дэниэль Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы бокс кешінің андеркатына тағы бір жекпе-жек қосылды, деп хабарлады vesti.kz. Бокс кешінде WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақта мексикалық Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) отандасы Давид Кармонмен (20-3-5, 8 КО) кездеседі. Қос боксшы екінші жеңіл салмақта жұдырықтасады. Осыған дейін 18 наурызда өтетін бокс кешінде 29 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) пен украиналық Александр Усиктің (11-0, 10 КО) және Олимпиада чемпионы, ирландиялық 30 жастағы Кэти Тэйлордың (2-0, 1 КО) кездесу өткізетіні айтылған болатын. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бокс кешін «Қазақстан» және KazSport арналары көрсетеді.