• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Трамп саясаты теңгенің бағамына тиімді болып тұр

284 рет
көрсетілді

АҚШ президентінің инаугурациясында айтқан ұлттық экономиканы сыртқы әсерлерден қорғау саясаты доллардың өзіндік құнын түсіріп жіберді. Апта басынан бері доллардың еуро мен иенге шаққандағы бағамы күрт құлдырап, бүгіннің өзінде АҚШ доллары кешегі сессиямен салыстырғанда 1 пайыз құнсызданып, нәтижесінде алты аптадан бері болмаған ең төменгі көрсеткішке түсті. "Дегенмен, біз ұзақмерзімді кезеңде доллардың қайта күшейетініне сенімдіміз. Қазіргі келеңсіздік Трамп саясатына қатысты алаңдаушылықтан болып отыр", - деді Merrill Lynch институтының өкілі Сюсукэ Ямада. Доллардың бұлайша құлдырауы осы аптада мұнай бағасының көтерілуіне де әсер етті. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де 55,30 долларға бағаланған Брент маркасы, доллар әлсірейтін болса, тағы да көтеріле түсуі ықтимал. Мұнайдың қымбаттауы өз кезегінде теңгенің оң жамбасына келіп отыр. Қатарынан үш күн нығайған ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы бүгін KASE-нің таңғы сессиясында 327,76-ға төмендеді.