Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жарақатына байланысты Азия чемпионатын жіберіп алуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Жәнібекке ота жасалғаннан кейін әлі толық дайын емес. Қолын емдеп жүр, жаттығуға ақпан айының соңына таман оралады. Ол Азия чемпионатына дайындалып үлгермейтін сияқты», – деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.
Айта кетейік, 23 жастағы Әлімханұлы 2013 Азия және әлем чемпионы атанған.