АҚШ Энергетика министрлігі кеңсесі стратегиялық резервтегі шикі мұнайды сата бастайды, деп хабарлайды АҚШ Энергетика министрлігі.
Қаңтар айында америкалық ведомства құны 375,4 млн доллардың мұнайын сатуға шығарғанын хабарлаған еді. Жалпы, 2017-2019 жылдары 190 млн баеррль қара алтын сатылмақ.
2015 жылы ел үкіметінің қабылдаған екі партиялық бюджеттік акт 2017-2020 жылдарға арналған резервтегі құны 2 млрд долларлық мұнайды саудаға шығарады.
«Бұл қаржы мұнай қорын жаңарту бағдарламасына пайдаланылады», — дейді АҚШ Энергетика министрлігі.
Сәрсенбі күні энергетика министрлігі Shell Trading және Phillips 66 компанияларымен 6,4 млн баррель мұнай саудасы туралы келісімшартқа қол қойды. Ал тендерге жалпы саны 21 компания қатысқан.