• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

ШҚО-да ауыр техника шығаратын зауыт салынады

288 рет
көрсетілді

Перудің Resemin компаниясы ШҚО-да тау-кен машиналарын шығаратын зауыт салмақшы, деп жазады abctv.kz. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездескен Перудің Resemin компаниясының президенті Жеймс Валензуела Мурилло аймақта тау-кен кенішіне арналған машиналар мен қондырғылар шығаратын зауыт салу ниетін жеткізді. Шығыс Қазақстанда құрастырылған машиналар мен қондырғылар Қазақстанның ішкі нарығымен қатар, Орталық Азия мен Ресейге экспортталады, деп мәлім етті Resemin басшысы. Облыс әкімі  инвестордың ұсынысын қолдап, әкімнің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың жетекшілігімен жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы Resemin компаниясы өкілдерімен бірлесе отырып жобаны іске асыру жоспарын жасайтын болады.