• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Жапон елшісі "Егемен Қазақстанға" алғыс білдірді

339 рет
көрсетілді

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәліге алғыс айтып, хат жолдады. "Қазақстан мен Жапония елдерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуына орай «Егемен Қазақстан» басылымына ауқымды мақаламды жариялағаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Тікелей осы мақаладан кейін сіз бен біздің 2017 жылы атқаратын маңызды жұмыстарымызға алғашқы қадам жасалып отыр, бұл үлкен қуаныш. Құрметті Басқарма төрағасы, мен қазақстандықтарды Жапониямен таныстырып, екі елдің арасындағы достық қатынастарды мұнан да тереңдете түсу үшін, сізден әріптестік жұмыстарымызды алдағы уақытта да жалғастыра беруді қолдауыңызды өтінер едім. Биыл дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жыл толуына байланысты өтетін іс-шараға шақырамын", - делінген хатта.