• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Батыс Қазақстанда тері өңдейтін зауыт салынады

495 рет
көрсетілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі «Пош Руно» ЖШС салып жатқан, ірі қара және ұсақ мал терісін өңдейтін зауыт құрылысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қазіргі кезде едәуір жұмысы бітіп қалған зауытта Испанияның және Италияның құрал-жабдықтары орнатылуда. Бүгінге дейін құрылысқа 40 жергілікті тұрғын тартылса, жоба іске қосылған кезде 84 жұмыс орны ашылмақ. Зауыт толық қуатына көшкен уақытта жылына 182 мың ірі қара, 624 мың ұсақ малдың терісін өңдейтін болады. «Мал шаруашылығы жақсы дамыған Батыс Қазақстан үшін бұл бірегей жоба болмақ. Енді шаруалар мен ауыл тұрғындарына тері өткізіп, қосымша табыс табатын орын да пайдалануға беріледі», – деді Алтай Көлгінов. Айта кетейік, өңірде жүн, тері өңдейтін кәсіпорын болмағандықтан, тұрғындар оны көбінесе қоқысқа тастап келген.