• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Сағынтаев республикалық меншіктегі нысандарды жекешелендіру жөнінде кеңес өткізді

380 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев республикалық меншіктегі ірі нысандарды жекешелендіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Кеңес барысында республикалық меншіктегі он екі нысанды, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ үш ірі нысанын және «ҚазАгро» АҚ үш нысанын бәсекелі ортаға беру бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру барысы талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға және ұлттық басқарушы холдингтерге ТОП нысандар бойынша нақты тәсілдемелер әзірлеуді жеделдетуді тапсырды. Айта кетейік, жекешелендірудің 2014-2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес бәсекелі ортаға беруге жекешелендірудің екінші толқынының 1 040 нысаны ұсынылады, оның ішінде 2014-2017 жылдарға 718 нысан, олардың 400-і өткізілді.