• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2017

Қырғыз Республикасының президенті жаңа конституцияға қол қойды

266 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының президенті жаңа конституцияға қол қойды. Салтанатты шара барысында Алмазбек Атамбаев заңға өзгертулер енгізу туралы бастамаға ел азаматтары қолдау көрсеткенін атап өтті, деп хабарлайды 24.kz. 11 желтоқсанда өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ата заңға 40-қа жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Қырғыз елінің басшысы жаңа Конституция президент өкілеттілігін азайтып, Парламент пен Премьер-министрдің құзіретін кеңейтетінін айтты. Сондай-ақ, Алмазбек Атамбаев ата заңды халыққа жария ету туралы жарлыққа қол қойды. Ал ел үшін ең маңызды құжаттың 4 көшірмесі парламент, үкімет, жоғарғы сот пен конституциялық палатаға табыс етілді. Құжаттың түпнұсқасы президент әкімшілігінде сақталмақ. Айта кетейік, Қырғыз Республикасында соңғы 22 жылда ата заңға 7 рет өзгеріс енгізілген.