• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Еңбек құқығы қалай қорғалуда?

787 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда еңбек ұжым­­дарында еңбек заң­намасының талап­­тарын сақтау өзекті мәселе бо­лып отыр. Қоғам­дағы еңбек қаты­нас­тары ту­ра­лы ой да әр аза­мат­ты толғандырар та­қы­рып. Алайда, қоғамда көп ретте еңбек нары­ғы­­на байланысты кейбір мәсе­лелердің туын­дап жа­та­тыны бар. Кейде ең­бек қауіпсіздігі және еңбек­ті қорғау саласы­ның талап­тарын сақта­мау сал­дарынан өндіріс­тік жаза­тайым оқиғалар да орын алып жатады. Жамбыл облысы әкім­дігі еңбек инспекциясы бас­қармасының басшысы Сер­ғали Айдапкелов өткен жылы азаматтардың еңбек құқық­тарын қорғау мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда жоспар­лы және ағымдағы тәртіппен еңбек заңнамасы­ның сақталуы­на мемлекет­тік бақылау саласында бірқа­тар жұмыстар атқарылғанын хабарлады. Сондай-ақ, басқарма бас­шысы еңбек инспекциясы­на келіп түскен шағымдар саны­ның көбейгенін, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің және құқықтық сауаттылығының артқанын, сол сияқты, жұмыс берушілердің тарапынан еңбек заңнамасын бұзу фактілері­нің жиілегенін де айтып өтті. Облыста өндірістік жүйені, ең­бек құқығын қамтамасыз ету және жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мақсатында әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 67751 жұмысшыны қамтитын 2619 еңбек ұжымында меморандумдар қабыл­дан­ғанымен, кәсіпорындарда еңбек заңнамасын бұзу факті­лері әлі де орын алуда. Өт­кен жыл басынан бері про­кура­тура органдарымен бір­лесе жүргізген тексерудің нәти­­жесінде, 14 кәсіпорында 6145 жұмыскерге 686,811 мил­­лион теңгенің жалақы қарызы бары анықталған. Жал­пы, қабылданған шаралар нәти­жесінде және кәсіпорын бас­шыларына жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәти­жесінде, 6083 жұмыскердің құ­қығы қорғалып, оларға 669,37 миллион теңге жал­ақы қарызы өтелген. Ал ағым­дағы жылдың басына 62 жұмыскердің алдында жалпы сомасы 17,441 миллион теңге көлемінде жалақы қары­зы орын алуда. Серғали Өмір­зақ­ұлы мемлекеттік еңбек инс­­пекциясы қызметінің ма­ңыз­ды бағыттарының бірі аза­мат­тардың шағымдарын қарау еке­нін, бұл жұмыс аймақтағы ең­бек заңнамасы сақталуының жал­пы жай-күйін жақсартуға елеу­лі үлес қосатындығын және бақы­лау жұмыстарын жос­пар­лау­ға көмектесетінін айтып отыр. Бұл өз кезегінде еңбек құқы­ғын арттыруға сеп болары анық. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» ТАРАЗ