• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:59

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады

20 рет
көрсетілді

8-10 мамырда Астана қаласында төртінші рет ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy Grand Slam додасы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 14 салмақ бойынша 53 спортшы қатысқан жарыста 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Алтын алғандар: 81 келі – Жалғас Қайролла, 100 келі – Марат Байкамуров.    Күміс жүлдегерлер: 60 келі – Талғат Орынбасар, +78 келі – Кәмила Берліқаш.

Қола медаль иеленгендер: 60 келі – Шерзод Давлатов, 81 келі – Аңсарбек Ғайнуллин, 90 келі – Айдар Арапов, +78 келі – Аида Тойшыбекова.

Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Еске салайық, 5 отандасымыз алғаш рет Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді – Жалғас Қайролла, Аңсарбек Ғайнуллин, Шерзод Давлатов, Аида Тойшыбекова, Айдар Арапов.

81 келіде бастапқы тізімге енбеген Жалғас Қайролла басты сенсацияға айналып, чемпион атанды.

60 келідегі Талғат Орынбасар жартылай финалда Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн-Вэйді жеңді.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұған дейінгі жылдардағы көрсеткіштер:  2023 жыл – 1 алтын, 1 күміс, 5 қола, 2024 жыл – 1 алтын, 3 қола, 2025 жыл – 3 күміс, 6 қола.

Енді 2027 жылы Астана қаласы әлем чемпионатын қабылдауға дайындалады.

Соңғы жаңалықтар