• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бизнес 24 Қаңтар, 2017

Қазақстан тумасы Испанияда шарап өндіріп жүр

2087 рет
көрсетілді

Теміртау қаласының тумасы Шухрат Хакимов Испанияда шарап өндірісі бойынша өз бизнесін құруда және өз шараптарын Қазақстанға экспорттауды жолға қоюға әрекеттеніп жүр, деп жазды Қазақпарат Astana Times сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Шухрат Хакимов Қазақстаннан 21 жасында кеткен және ол кезде бірде-бір шет тілін білмеген. Ол 2009 жылы шарап жасау ісін меңгеру үшін Францияның Анже қаласына аттанған.

Оның айтуынша, бастапқыда өз шығындарын өтеу үшін ол ана-анасы мен достарынан 600 мың теңге қарызға алып, студенттік несие рәсімдеген. Студен кезінде ол күн көру үшін даяшы, сатушы және өзге де жұмыстарға жалданған. Хакимов өзінің болашақ әйелі Габриеламен Францияда танысқан. Оқу аяқталған соң олар Габриеланың туған өлкесі Аликантеге (Испания) көшкен.

 Бүгінде Шухрат Хакимов Испаниядағы шарап экспорттайтын «Winexfood» компаниясының жетекшісі және негізін қалаушы.

«Мен 2012 жылы испаниялық инвесторлармен бірге компанияның негізін қалағандардың бірі болдым. Алғашында Испанияның азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауды ойлағанбыз, бірақ қазір органикалық испандық шарап және спирттік ішімдіктер экспортына ден қойып отырмыз», – деп атап өтті Хакимов