• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

СҚО-да тұқым шаруашылығына 573 млн теңге бөлiндi

349 рет
көрсетілді

Солтүстiк Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын ауыстыру мен жаңарту мәселесiне байланысты семинар-жиналыс өттi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Облыста орташа кеш пiсетiн ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарын азайту бойынша жүргiзiлуде. Өткен жылы орташа кеш пiсетiн сұрыптар 19 пайызға, орташа пiсетiн сұрыптар 34 пайызға төмендетiлдi. Орташа ерте сұрып көлемi 47 пайызға артты», - делінген хабарламада. Солтүстiкқазақстандық диқаншылар ерте пiсетiн «Омская 36» және «Астана» сұрыптарын таңдайды. Облыста сұрыптарды зерттейтiн 7 бөлiмше бар. Зерттеу қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының 32 түрi өңдеуге ұсынылды. СҚО-да  2017 жылы астық 4,2 млн га жерге отырғызылады. Осы жылы жергiлiктi бюджеттен тұқым шаруашылығы қолдауға 573 млн теңге бөлiндi.