• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

The Fight City: Жүкембаевтың жойқын соққыларына шыдау мүмкін емес

326 рет
көрсетілді

Канадалық журналистер қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) жайлы жылы лебіздерін білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Батыр Жүкембаев көрсеткен бокс еріксіз таң қалдырады. Жылдам әрі жойқын соққылары қарсыласын бірінші раундтың соңына да шыдатпады», – деп жазды RDS.ca тілшісі Жан-Люк Лежандр өзінің туиттерінде. «Бұл нокаут! Жүкембаевтың оң қолымен бағыттаған хук соққысы. Мұндай соққыға шыдау да оңай емес. Батыр ара қашықтықты сақтай отырып, жоспарын толықтай жүзеге асыра білді», – деп жазды The Fight City сайты туиттерінде. «Бұл Батыр Жүкембаевтың бірінші раундта нокаутпен ұтқан айқын жеңісі. Давид Ранхельге оң қолымен ауыр соққы жасады», – деп жазды канадалық журналист Фредерик Гуай. Айта кетейік, Канаданың Квебек қаласында өткен Стивен Батлер және Брендон Куктың андеркартында қазақстандық боксшы мексикалық Давид Ранхельмен жұдырықтасты. Айқастың 2-минутында ол қарсыласын нокаутпен жеңді.