• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2011

Қазақстандықтар таңдауынан таймады

385 рет
көрсетілді

Бүгін таңертеңгі сағат 10.00-де Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 3 сәуірде өткен Қазақстан Респуб­ли­касы президентінің кезектен тыс сайлауының алдын-ала қоры­тын­дыларын жариялады. Алдын ала анықталған осы қорытындылар­дың нәтижесі көрсетіп отырған­дай, қазақстандықтардың таңдауы анық та айқын. Барлық облыстар­дағы, Астана және Алматы қала­ла­рындағы бүкіл сайлау комис­сия­ларынан алынған жедел мәлі­меттер негізінде Орталық сайлау комиссиясы хабарлаған мәлімет­тер төмендегідей. Президенттікке кандидаттар Ж.А.Ахметбековке сай­­­лаушы­лар­дың 1,4 пайызы, М.Х.Елеу­­­сізовке сайлау­шы­лар­дың 1,2 пайы­зы, Ғ.Е.Қа­сымовқа сайлау­шы­лар­дың 1,9 пайызы, Н.Ә.На­­­­­зарбаевқа сайлаушы­лардың 95,5 пайызы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы­ның төрағасы Қ.Тұрғанқұлов бұл әлі сайлаудың түпкілікті қоры­тындысы емес екенін баса айтты. Хаттамалар толық жинақталып, алғашқы нақты қорытынды шығару үшін сайлау заңнамасы бойынша 2 күн уақыт беріледі. Ал 3 сәуір күні өткен кезектен тыс Президент сайлауының түпкілікті қорытындыларын  Ор­та­лық сайлау комиссиясы аумақ­тық сайлау комиссиялары хатта­малары­ның негізінде сайлау өткен күннен 7 күн өткен соң, яғни 2011 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей хабарлай­тын болады. Алғашқы қорытындылардың өзі айқындап отырғандай, Қазақ­стан халқының қалауы паш етілді. Әрине, түпкілікті қорытындылар бойынша пайыздық көрсеткіш­терде шамалы ауытқулар бола­тын­дығы даусыз. Бірақ, тарих алдында өз қалауын айқындаған осынау халық таңдауының енді өзгермей­тіні анық. Таңдауынан таймаған халқымызды осынау ай­тулы оқиға­мен құттықтай оты­рып, болашағы­мыз­дың баянды да берекелі бо­латындығына зор сенім артамыз. P.S. Бет қатталып жатқанда, яғни бүгін түскі 12-де Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауда жарқын жеңіске жетуіне арналған жеңімпаздар форумы басталды. Форум жайындағы материалды газеттің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.