Сайлау учаскелері алдында жүргізілген exit-poll қорытындылары
2011 жылдың 3 сәуірінде «Стратегиялық талдаулар қоры» қоғамдық қоры кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген қазақстандықтар арасында сауалдама жүргізді. Сайлаушыларға сауалдар сайлау учаскелерінен шыққан бетте қойылды.
Зерттеу 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында барлығы 118 сайлау учаскелерінде жүргізілді. Сайлау учаскелерін іріктеу ел өңірлері бойынша географиялық орналасуы және қала мен ауыл халқының тепе-тең бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылды.
Әр сайлау учаскесінде орта есеппен 210 адамға сұрау салынды, іріктеудің жиынтық мөлшері 24 782 адамды құрайды. Жалпы саны 230-дан астам сұхбат алушы жұмысқа тартылды. Сауалдама жүргізу сайлау учаскелерінің ашылуымен (жергілікті уақыт бойынша 7.00 сағат) бір мезгілде басталып, олар жабылған кезде (20.00 сағатта) аяқталды.
Мәліметтер бойынша сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі 88,3 пайызды құрады.
Зерттеу нәтижелері бойынша сайлаушылар дауыстары төмендегіше бөлінді.
Н.Назарбаев – 95,57%;
Ғ.Қасымов – 1,94%;
М.Елеусізов – 1,44%;
Ж.Ахметбеков – 1,05%.