• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Балаңыз кітап оқи ма?

742 рет
көрсетілді

Жыл өткен сайын балалардың психологиясы да өзгеруде. Бү­гін­­гі оқушылардың жандары өте нәзік. Өздерінің ойлау қабі­лет­теріне әлеуметтік желі, интер­нет, ұялы телефон арқылы тежеу жасап жүргендерін сез­бейді. Оқушылардың басым бөлігі кі­тапхана көрмей мек­тептерді аяқтап жатады. Бұл оқу­шылардың кітап оқу­ға мүл­дем зауықсыз екенін аңғар­та­ды. Себебін ақпараттық озық тех­нологиялардың дамуына сіл­тейміз. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» толық оқыған оқушылар жоқтың қасы. Олардың ой-өріс­тері компьютермен немесе интернетпен ұшқырланады деп ай­та алмаймын. Біз кітаптың іші­не еніп, кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге мұңайып, көркем әдебиет оқу арқылы жетілдік. Әлі есімде, Сәбит Дөнентаевтың «Көркемтай» атты әңгімесін оқы­ған­нан кейін Көркемәлінің кейпі көз алдыма елестеп, жек­сұ­рын Ыс­қақ балалық жүре­гімді қан жы­латқаны. Кітап – үлкен әлем, адамды тәрбиелейді, тіл үйретеді, ой өрісін дамытады. «Көп жасағаннан емес, көп оқығаннан ақыл сұра» деген дана халық. Барлық білім, барлық ғажап – кітапта. Сондықтан көп оқу керек. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, білім нәрі кітап оқуда екенін бүгінгі оқушыларға жете түсіндіру үшін түрлі тәсіл, ізденістер керек. Тағы бір қынжылатынымыз оқырмандардың көпшілігі – орыс тілділер. Кітап дүкендері мен дүң­гір­шіктерде самсаған басқа тіл­дердегі кітаптар тұр. Әр отбасы балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуы тиіс. Қалаберді балабақшада жалғас­тырсақ. Әрине, балаларға арналған әдебиеттер баршылық. Қазақ тілінен бай көркем, тіл жоқ. Сол тіліміздің майын ағызып тұрып жазған шығырмалар оқылмаса, яғни жазылған дүние оқылмай жатса онда ол шығармалардың жетім қалғаны. Бала кезімізден батырлар жырына қанық болдық. Бүгінгі бөбектердің сезімдері қайдағы бір қарауға тұрмайтын тұрпайы «Шрек», «Микки Маус», «Гарри Поттер», «Мысық пен тышқан» іспетті батыстық мульт­фильмдермен оянуда. Әрине, Абай, Шәкәрім, Мұ­­қа­ғали, Оралхан оқулары ұйым­­дастырылады. Бұл да оқу­шы­лар­ды кітапқа құмарлан­дырудың жо­лы десе болады. Мектептер ара­сын­да жас абайтанушы, бейім­бет­та­­нушы сияқты шаралар ұйым­дас­тырылса, тұлғатануға негіз бо­лары анық. «Кітап атаулы досы бола бас­таған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллигент бола бас­тадым деп санауына болады», деген Мұхтар Әуезовтің сөзімен келіспейтін жан бола қоймас. Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез келген сәтте көмекке келетін ерен күш. Адам­зат та­ри­хын­да көне дәуірлерден сақталып ке­ле жатқан тастағы таңбалардан бас­тап, көптеген жа­зу, сы­зу­лар арқылы бізге жет­кен ақыл-ой, ғылым-білім қазыналары кітап арқылы игілігімізге асу­да. Бұлақтың дарияға бет алға­нындай, «Әліппеден» бас­тау ала­­тын білім кілті ұстаған адамның сенімді серігіне, ай­ны­мас до­сы­на ай­на­ла­ры сөзсіз. Кітаптардың құдыретті күшін же­ке адам­дар ғана емес, өркениетті мем­ле­кет­тер де жоғары бағалаған, аса маңызды са­я­сат деп қараған. Соғыстан әбден күйреген, екі атом бомбасының қасіретін шек­кен, жерінде ешқандай шикізат жоқ жапондар жастар бойындағы рух­ты көтеруді қолға алған. Олар «Жас­тар он-он бес жыл­дан кейін елдің арқа сүйер кад­р­ла­ры бо­ла­ды» деп есеп­те­ген. Бұл үшін білім беруді жетілдірген, кітапханалар желісін кеңейткен екен. Кеңес өкіметі тұсында көп да­­­на­­­­­мен та­ралған «Қазақстан пио­нері», «Ұлан» газетін әр от­ба­­сы алып оқитын. «Балдырған» мен «Ақжелкен» жур­нал­да­ры­на да жеткіншектер жа­ры­сып жа­зы­лу­шы еді. Кейінгі уақытта бұл басылымдардың ти­ра­жы ай­тарлықтай азай­ып кетті. Қазіргі таңда балаларға ру­ха­ни азық бо­ла­тын­дай, олар­ды тәрбиелейтін құралға ай­на­лар жаңа кітаптар қажет. Балдырғандардың са­на­сы­на патриоттық тәрбиенің нәрін себетін, жаңа ғасыр ұландарының пси­хо­ло­ги­я­сын, бол­мы­сын аша­тын, олардың шы­найы ты­ныс-тіршілігін көрсететін, өмірлік қа­жетіне жа­рай­тын, ой­ы­нан шы­ға­тын қызықты дүниелердің саны артса жөн болары анық. Бүгінде ба­ла­лар  тақырыбында қалам тер­беп жүрген ақын-­жа­­зу­шы­лар жетерлік. Бірақ көп­шілі­гі балдырғандардың пси­х­о­­­ло­­ги­я­­­сын жетік біле бермейді. Ең ал­­ды­­мен, кез кел­ген ту­ын­ды кіш­кентайлардың ұғымына сәйкес бо­луы қажет. Сәби тілі былдырлап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жарыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын есті­ген­де жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Ба­тырлық пен тапқырлық туралы айтыла­тын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отырады. Осы құш­тар­лықты әдемі безендірілген су­ретті кітапшалар ұштай түседі. Кі­тап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Нашар кітаптарды оқу еш­теңе оқымағаннан да зиянды. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмірлік қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. Ендеше, өскелең ұрпаққа тым болмағанда айына бір кітаптан оқытсақ... Марат САЙДАЛИН, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  Ақмола облысы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру институтының қызметкері Ақмола облысы