• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Математикаға қызығушылықты арттыру жолы

980 рет
көрсетілді

«Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Бүгінде балалардың дарын­дылығына мүдделілік өте жо­ғары, өйткені, қоғамға бірегей, шы­ғармашыл тұлғалар қажет. Жа­ңалық ашуға, болмыстың ең сырлы құпияларын ұғы­нуға құш­тарлық мектеп та­бал­­ды­рығынан бастау алады. Сол се­беп­ті, ғы­лым­ның және тех­ни­­каның түр­лі са­ла­сына қы­зы­ғушылық таны­та­тындардың бар­лы­ғын мектептен бастап анықтау, олардың жос­парлары мен армандарын жү­зеге асыруға көмектесу, оқу­шыларға ғылымдағы ізденіс жолын көрсету, өздерінің қабі­леттерін өмірде толығырақ аша білуге көмектесу маңызды. «Дарындылық» термині нені біл­ді­­реді? Дарынды адамдар туралы көбінесе оларда «ұшқын» бар деп жатады, алайда, осы ұшқыннан жалын лаулап жану үшін едәуір күш салу қажет. Дәстүрлі оқыту барысында оқу­шы­лардың жеке ерекшеліктеріне бейім­делуге мүмкіндік болмайды, сондықтан дарынды оқушы назардан тыс қалып қояды. Оқушының қызығушылығы, танымпаздық қажеттілігі, әсіресе, жо­ғары сы­нып­тар­да бірте-бірте басыла береді, себебі, дарынды бала танымдық да­муының деңгейі бойынша өзінің құр­дас­тарынан алда болады. Дарынды оқу­шының жұмыс істеу қарқыны басқа оқушылармен салыстырғанда өте шапшаң. Ең алдымен,  сыныптағы оқушы­лардың жеке ерекшеліктерін зерделеп алу маңызды. Содан соң үш бағытта жұмыс істеу керек. Біріншісі, балалармен  әртүрлі деңгейде жұмыс істеу. Әртүрлі дең­гей­лік тапсырмалар қолдану (үйрету және бақылау). Оқушының өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алуы, «3», «4» және «5» бағаларына сәй­кес нені білуі қажет екендігін тү­сінуі керек. I деңгей – оқулықта маз­мұн­далған немесе мұғалім көрсетіп берген ретте оқушылардың білімдерін жаңғыртуға берілетін тапсырмалар («3» баға). II деңгей – қайталанатын оқыту жағдайында білімін және дағдыларын үлгі бойынша қолдануға арналған тапсырмалар  («4» баға). III деңгей – жаңа оқу жағдайында білімін және дағдыларын қолдануға арналған шығармашылық тапсырмалар («5» баға). Әртүрлі деңгейлік тапсыр­маларды тек сабақта ғана емес, үй тапсырмасы түрінде қолдану қажет. Екіншісі, өз бетімен жұмыс істеу­ге үйрету. Оқулықпен, қосымша әде­биет­пен өз бетімен білімін жетіл­діруге үйрету, зерттеу жұмысын өткізу. Үшіншісі, зерттеу жұмысына үй­рету. Зерттеу элементтері бар тап­сыр­­малар, дамытушы тапсырмалар қол­дану. Он­дай тапсырмаларды сы­ныптың бар­лық оқушыларына қо­сым­ша тап­сыр­ма ретінде ұсынуға бо­лады, алайда, дарынды балалар үшін бұл тапсырмалар міндетті болуы тиіс  (ондай тапсырмаларды орын­дау «5» балмен бағаланады, егер оқушы қате жіберген болса баға қойылмайды.) Оқушыларға жүйелі түрде  шығар­машылық жұмыстар ұсынып отыру: есеп, мән құру, сөзжұмбақ, ребус, анаграмма. Бұл бағытта жобаларды жасақтау көп мүмкіндік береді.  Жоба­ның тақырыбын таңдау зерттеуге қа­ты­сушыларға пайдалы болуы қа­жет. Тақырыбы қатысушыларға қызық­ты болғаны жөн. Оның түсінікті және де мәселесі балалардың жас ерекше­ліктеріне сәйкес болуы қажет – ынта мен мүмкіндіктің байланысуы (қажетті құралдар мен материалдардың болуын ескеру қажет). Бала өзін табысты сезінуі үшін алға қойған мақсатқа жеткізетін жолдарды табуына көмектескен дұрыс. Оқушыларды алған ақпараттарын талдауға үй­рету, маңыздысын айы­рып алып, қо­сал­қысын алып тастау. Нәтижені ұсыну. Бұл электронды пре­зентация немесе құжат, макет, кітап­шалар тү­рінде болуы мүмкін.  Алайда, ең бас­тысы – қорғау. Қорғау – зерттеу жұ­мысының тәжі. Бұл көпшілікті қа­жет етеді. Көпшілік алдында қор­ғау алған ақпаратты мазмұндауға үй­­ре­теді, өзге пікірлерді біледі, өз көз­­қара­сын дәлелдеуге үйретеді. Бас­тап­қы кезеңдерде жобаны қорғау сы­­ныпта өткізіледі. Ең қызықты жә­не ең жақсы жұмыстар мектеп кон­фе­ренцияларына жіберіледі. Зерттеу жұ­мысы оқуға ынталандырады, оған шығармашылық сипат береді жә­не осы­лайша оқушыларды өзінің та­ным­­дық қы­зметін ұйымдастыруға, шы­ғар­ма­шы­лық мүмкіндіктерін дамы­туға  ын­та­ландырады. Дарынды балалармен жұмыс жүр­гізуде сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта жеке жұмысқа маңыз бе­ріледі. Оқушылар сабақ үстінде өз бе­тімен тапсырма орындап жатқан кезде жекелеген оқушылармен жұ­мыс жүргізуге болады. Алайда, бұл жеткіліксіз. Оқушыларды олимпиадаға мақсатты дайындау үшін қосымша сабақтарда, факультативтерде, үйір­мелерде немесе қосымша әдебиеттер бойынша өз бетінше оқу үшін олимпиада тапсырмаларының әртүрлі үлгілерін беруге болады. Олар: логикалық есеп­тер, математикалық  ребустар, ин­ва­рианттар, Дирихле принципі, геометриялық  есептер, арифметикалық есептер, мәтінді есептер, соңынан шы­­ға­рылатын, құюға арналған, өлшеу­ге арналған, қозғалысқа, ұтымды жағ­дайлар ескеріледі. Оқушылармен, оның ішінде дарынды балалармен жеке жұмыстар жүргізуге сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ақпараттық технологиялар қолдану қосымша мүм­кіндіктер береді. CD-дискілерде дайын, сонымен қатар, мұғалімнің өзі немесе оқушылар дайындаған ресурстар қолдану, оқушыларға оңтайлы қар­қынмен жұмыс істеуге, күрделілігі әр­түр­лі деңгейдегі, оның ішінде, дамы­тушы және зерттеу тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бақылау өз уақытында жүргізіліп тұрады. Оқушылардың математикалық дайындығын көтеруге  ғаламторды пай­далану аса көп мүмкіндіктер туғызады. Дарынды балалармен жұмыс тиімді болуы үшін мықты оқушылармен жұмыс жүргізуге қосымша сағаттар  бөлу қа­жет. Барлық мұғалімдер сияқты мен де дарынды оқушыларды анықтап, олар­дың қабілеттерін дамыту бойын­ша жұмыстар жүргіземін. Дарын­ды балалардың портретімен өз оқу­шы­ларымды салыстырып, қайсы болмасын барлық балалардың негізінен бір салада қабілеті бар екенін көремін. Шалва Амонашвили айтқандай, «Әр балада – күн бар, тек оған жарық беруге мүм­кіндік беріңдер». Қазіргі заманауи және дәстүрлі оқыту технологияларын қол­дана отырып, сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта бұл балалармен математикалық бағытта жұмыс жүр­гі­земін. Оқыту үдерісі сабақта жай­лы жағдай және жақсы жұмыс мик­роклиматынан құрылады. Негізгі та­қырыптарды оқу барысында балаларға есептерді түрлі жолдармен шығару, ерекше есептер шығару тапсырылады. Оңтайлы тәсілдерін таңдап алып осы есептердің шешілуін талдаймыз. Мұғалімнің басты мақсатының бірі – балаларды ойлауға үйрету. Сол себепті, оқушылардың зерттеу қызметі пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың ең сәтті түрлерінің бірінен саналады. Математикадан зерттеу қызметін ұйым­дастыру барысында біз ақпараттық технологиялар қолданамыз. Менің ойымша, мектепте зерттеу қызметін ұйымдастыру барысында мұғалімнің шешуіне тура келетін ең күрделі мәселе – зерттеу үшін  қызықты тақырыптар табу. Оқушының өзі зерттейтін тақырыпты таңдап, тауып алуы мұғалімге арман. Кез келген баланың дамуы, оның ішінде дарынды баланың дамуы да, тек мектеп жұмысымен анықталмайды және анықталмауы тиіс. Бұған отбасы да мүдделі болғаны абзал. Сыныпта ата-аналармен бірігіп жұмыс істеуге  бағытталған іс-шаралар жүйесі қалып­тасқан. Ата-аналар біздің гимназия өмі­ріне танымдық, шығармашылық жә­не спорттық іс-шаралар арқылы қа­тысады. Тәжірибе көрсеткендей, дарынды балаларды оқытуда проб­лемалар және іске асырылмаған мүмкіндіктер бар. Дарынды балалармен көп жылдардан бері жұмыс істей келе, балалар талантының дәні құнарлы топыраққа түскені өте маңызды деп есептеймін. Бұл ретте оқушы мүмкіндігінің дамуына жағдай жасай алатын ақылды, зейінді ұстаздың рөлі жоғары болмақ. Гүлфайруз БИСЕНҒАЛИЕВА, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия мұғалімі Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»