• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Басқарудың жаңа деңгейіне көтеріледі

442 рет
көрсетілді

Мен Қазақстан Рес­­пуб­­ликасының Пре­зи­­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз хал­қына арнаған Үн­­деуімен үлкен қызығу­шы­лықпен таныстым. Сіздердің ел­дері­­ңізді Прези­дент өз халқына ұсынған маңызды конс­­титуциялық реформа бағдар­лама­сына орай құттықтаймын. Арнайы Жұмыс тобы тарапынан ұсынылған, биліктің жал­ғыз иесі халық деген қағи­даға сүйенген барлық ұсыныстар мен ұсынымдар парламенттік басқару жүйесін енгізуге бағытталған. Демо­кратиялық мемлекетте биліктің заң шығарушы және атқарушы органдары нақты өкілеттіктің бөлісу қағидаттарын сақтай отырып, өзара ынтымақтастық аспектілері бар толық тәуелсіздікке ие болуға тиіс. Парламент пен Үкіметтің қарым-қатынасы өзара тең дәрежеде болуы керек, олардың біреуі екіншісінен басым болмауға тиіс. Бұл Парламент рөлінің нығаюын талап етеді, ал Үкіметтің барлық қызметі Парламенттің бақылауы аясында жүзеге асырылғаны жөн. Осын­­дай конституциялық қатынастар бары­сында билік тармақтарының ара­сында қайшылық туындаған жағ­дайда Президент төреші болады. Ұлттық Конституцияны қайта қарас­тыру үдерісінде осы жаңа қағидат­тарды жүзеге асыру демократия мен адам құқықтары қағидаттарын ілгері­летуге ықпал етеді, сондай-ақ азаматтардың еркіндігіне қосымша қорған болады әрі сіздердің елдеріңізді басқарудың жаңа сапалық деңгейіне көтереді. Бұл – заманауи басқару қағидаларын қолданып, билік жүйесінде тұрақтылықты қамта­масыз етуге ұм­тылған кез келген ел үшін шешуші шарт. Мен жаңғыру мақсатына талпынған сіздердің елдеріңізге бар жақсылықты тілеймін. Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына орай тағы да менің шынайы құт­тықтауымды қабыл алыңыздар. Тахер ХИКМЕТ Иордания Конституциялық сотының президенті