• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Резерв кадрларын даярлаудың кезекті курстары ашылды

328 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырудың кезекті курстарының ашылуы өтті, деп хабарлады Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі. Бұл курстарға тыңдаушылар ретінде прокуратура мен ішкі істер органдарының орталық аппа­раты мен облыстық бөлім­ше­лерін­де бас­шы­лық лауазым­дағы қыз­мет­керлер қатыса­ды. Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басшылық қызметке тағайындалуы үшін қажет­ті кәсіби дағдылары мен бас­қару құзыретін  жетілдіру. Академия ректоры Ұлан Бай­жанов іс-шараны аша отырып, резервтегілерді болашақта бұдан да жауапты басшылық қызметке даярлауда оқыту курстарының маңыздылығы мен практикалық пайдалылығын атап өтті. Оқытуды жоғары деңгейде өт­­кізу үшін алдыңғы курстарды ұйым­­дастыру кезінде алынған тәжі­рибені ескере отырып, арнайы оқу бағдарламасы әзірленді. Алғаш рет оқу процесіне басшылық қыз­мет­тегі сараптамалық жұмыс негіз­дері бойынша жаңа модуль ен­гізіл­ді. Ол қызмет бабын­да­ғы міндет­­тер­ді шешу кезінде сарап­тама­­лық қабілетті жетілдіруге бағыттал­ған. Сондай-ақ, Бас про­курордың тапсырмасын орындау аясында басқарудың трансформациясы мәселелері бойынша тренингтер енгізілді (Change programme). Жоспар бойынша курс ұзақ­тығы бір айға созылады және ол 145 ака­де­мия­лық сағатты құрай­ды. Олар­дың не­гізгі бөлігі кейс­тік тапсырма­лар­ды шешуге және құқық қорғау қыз­меті­не мейлінше жақын­датылған жобаларды жасауға арналатын болады. Жиналғандарды курс бағдар­ламасының ерекше­ліктерімен таныстырып өтіп, Ұ.Байжанов барлық тыңдаушыларды нәтижелі жұмыс жасауға шақырды. Ал оқыту курс­тарын ұйымдастыруға Еуропалық одақтың  «Қазақстандағы қылмыс­тық сот төрелігін жетілдіру» жоба­сы­ның қатысушылары, мемлекет­тік органдар мен еліміздің жетекші ғылыми-білім беруші мекемелері белсенді көмек көрсетуде.