Бүгін ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Алматы, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының жекелеген аумақтарында күндіз жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы ықтимал, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басады. Ақтөбе облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді.