• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

АҚШ виза сұрағандардың әлеуметтік желідегі аккаунттарын тексермек

342 рет
көрсетілді

АҚШ-тың визалық офицерлері Құрама Штаттарға кіру үшін түскен өтінімдерді қарау барысында олардың иелерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын тексеретін болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Джон Келли мәлім етті, деп жазады «РИА Новости». «Визаларға өтінімдерді өңдеу барысында әлеуметтік желілерді тексеру іске асырылады», - деді министр. Айта кетейік, Трамп 27 қаңтар күні грин-карталарды иеленушілерге - Иран, Ирак, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан азаматтарына АҚШ аумағына тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Онымен қоса, 120 күн мерзімге сириялық босқындарды қабылдау тоқтатылды. Оның сөзінше, барлық елдер азаматтарына визаларды беру 90 күн ішінде қауіпсіздік саясатында қосымша шаралар қабылданған сәтте қайта жандандырылатын болады.