• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Қазақстанда бензин делдалсыз сатылмақ

366 рет
көрсетілді

Қазір Энергетика министрлігі бензин мен дизельді отын тасымалдау тетігін өзгертіп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің елде бензин нарығы еркін. Бензин мен дизельді отын жеңілдікпен сатылмайды. Егер жеңілдікпен сатылатын болса, тек егін егу жəне егін ору кезінде болады. Елімізде басқа жеңілдікпен сатылатын бензин жоқ жəне болмайды да. Қазір біз бензин мен дизельді отынды сату тетігін өзгертіп жатырмыз. Бұрын əрбір облыстың өз операторы болатын, яғни, бензинді сатып алып, үстіне баға қосып, облыстардағы жанар-жағармай бекеттеріне сататын. Бұны өзінше бір делдал деуге болады. Ал, енді мұнай өңдеу зауытында жанар-жағармайды өңдейтін компания өнімін бензин сататын желілер мен жанар-жағармай бекеттеріне тікелей сатады», - деді Бозымбаев. Министр атап өткендей, бұрын делдалдарды əкімдіктер анықтап алады екен. «Мен екі рет əкім болдым, бұндай делдалдар жылына 2-3 рет ауысып тұратын. Сондықтан, делдалдарды жойсақ, баға да қалыпты болар еді»,-деді Қанат Бозымбаев.