• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Қырғыз режиссері Назарбаев туралы фильм түсірді

326 рет
көрсетілді

Қырғыз режиссері Омурзак Толобеков Қазақстан Президенті туралы «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді, деп жазады knews.kg. Фильм қырғыз және орыс тілдерінде тсірілген. Авторлардың айтуынша, фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезінде бірнеше жыл Қырғызстанда жүрген кезеңіне арналған. «Біз Назарбаевпен таныс болған, дос болған бірнеше адамды таптық. Олар бізге қызықты сұхбат берді. Назарбаев Қырғызстанда өскен, ол біздің тілімізді, халқымызды, мәдениетімізді жақсы біледі. Қазір Қазақстанда 300 мыңға жуық қырғызстандық мигрант жүр, бұл үшін оған алғысымызды білдіреміз», - деді Омурзак Толобеков. Продюсерлер жобаны өз қаражаттарына түсірген. 55 минуттық фильм бюджеті 20 мың долларды құраған. Картинаны биылғы 17 ақпаннан бастап Қырғызстан кинотеатрларынан көрсетіледі.