• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Мэйуезер боксқа оралса, кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

240 рет
көрсетілді

Америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуезер (49-0, 26 КО) кәсіпқой рингке қайтып оралған жағдайда оған лайықты ең мықты қарсылас белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. ESPN телеарнасының сарапшысы, белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль дауыс беруді Twitter желісіндегі парақшасында жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 45 пайыз дауыс жинаған WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) көш бастады. Ал 2-орында UFC чемпионы Конор МакГрегор тұр. Ол дауыс берушілердің 24 пайыз дауысын жинаса, 3-орынға 19 пайыз дауыс жинаған Дэнни Гарсия тұрақтады. Айта кетейік, дауыс беруге 11 588 адам қатысты.