• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Ақмола облысында балабақша ашылды

402 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Бурабай ауданында 125 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарымен танысты. Сапар кезінде аймақ басшысы Оқжетпес ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған 125 балаға арналған «Балапан» балабақшасында болды. Жарты ғасырға жуық бұрын салынған ғимаратқа өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балабақша ретінде қайта жасақталды. Мекеме басшысы Раушан Ибраеваның айтуынша, жобаның құны 70 миллион теңгені құрап отыр. Оның 60 миллион теңгесі «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры арқылы бөлінген. «Қазіргі заманға сай жабдықталған балабақшада балалардың мектепке дейінгі білім мен тəрбие алуына барлық жағдай жасалынған.  Осы мақсатта 30 миллион теңгенің құрал-жабдықтары сатып алынып, орнатылды. Нысанда 4 ойын алаңы, 4 жатын бөлме, 4 санитарлық желі, спорт жəне музыка залдар бар. Үстіміздегі жылы  ғимараттың кәріз, су жəне жылу жүйелерін жаңарту көзделіп  отыр», - деді Р.Ибраева.