• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

374 рет
көрсетілді

Алматы                       2011 жылғы  5 сәуір «Ауыр атлетика. Олимпиада ойындары 2012» ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155  За­ңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2011 жылғы  5 сәуірде «pro­of» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Ау­ыр атлетика. Олимпиада ойындары 2012» ескерткіш күміс монетасын айна­лыс­қа шығарады. Монетаның сипаттамасы: Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде Қазақстан Республи­ка­сы­ның елтаңбасы стильдендірілген стадион суретімен қоршай  бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан.  Сол жақ бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның но­ми­налын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жа­зу бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің логотипі ор­на­ласқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚА­ЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте ауыр атлетика бойынша сайыс үстіндегі штанга көтеруші бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Олимпиада ой­ын­дары өткізілетін жылды білдіретін  «2012» саны жазылған. Айналдыра ағыл­шын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу жазылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета  925 сынамды күмістен дайын­дал­ған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – «proof», ең көп таралымы  - 12 мың дана. Номиналы 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталар Қазақстан Республикасының бү­кіл аумағында көрсетілген құнымен тө­лем­нің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу және аударым жасау үшін қа­был­дануға міндетті, Қазақстан Республи­ка­сы­ның барлық банктерінде шектеусіз ұсақ­тала­ды және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі «Ауыр атлетика. Олимпиада ойындары 2012»  ескерткіш күміс монетасы Қазақ­стан Республикасының Ұлттық Банкі, MDM MUNZHANDELSGESELLSCHAFT MbH DEUTSCНE MUNZE компаниясы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруа­шы­лық жүргізу құқығы бар республи­ка­лық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арнал­ған келісімге сәйкес дайындалды. Осы Келісім бойынша: - MDM MUNZHANDELSGE­SELLS­CHAFT MbH DEUTSCНE MUNZE компа­ниясы Қазақстаннан тыс жерлерде одан әрі тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталарды сатып алады; - Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және оларды жеткізеді; - дайындалған монеталардың бір бөлі­гін (3000 дана) коллекциялық құны бой­ын­ша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін Ұлттық Банк резервтейді. Монета 2012 жылғы Олимпиада ойын­дарына арналған, спортты дәріптейді және ұлттық валютаны шетелге таныстырады. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқы­ғы бар республикалық мемлекеттік кәсіп­орны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизай­ны­ның тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бой­ын­ша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, Алматы қаласында мына мекен-жай бой­ын­ша  сатып алуға болады: Панфилов кө­ше­сі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.