• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Мұнайшылар болашаққа таңдау жасады

441 рет
көрсетілді

Ел өміріндегі аса маңызды оқиғаның бірі – кезектен тыс президент сайлауы күні мұнайшылар қауымы да белсенділікпен дауыс берді. Қазақтың «қара алтынын» барлап, өндірумен айналысатын отандық оператор – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-қа қарасты «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиал­дарының жұмыскерлері болашаққа таңдау жасады. Жүз мыңнан астам тұрғыны бар Жаңаөзен қаласында 27 сайлау учаскесі сайлаушыларға есігін айқара ашты. Шын мәнінде мұнайшылар қаласына айналған шағын ғана қалада дауыс беру үдерісі аса ұйымшылдықпен өт­ті. Қаланың тыныс-тіршілігі тікелей мұнай өндірісімен байла­нысты болғандықтан, олардың көпшілігі таң сәріден дауыс берді. Ал сайлау учаскелері ашыл­май жатып, вахтаға кеткен мұ­найшылар үшін түскі үзіліс кезінде көлік тасымалдары ұйым­дастырылды. «ҚазМұнайГаз» Бар­лау Өндіру» АҚ  бүгінгі таң­да Қазақстанның әртүрлі аймақ­тарында жұмыс істеп жатыр. Айтар болсақ, Маңғыстау, Аты­рау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында активтері бар. Сондықтан да кәсіп­орын басшылары жұмыс уақы­тының көп бөлігін Астанадағы кеңседе емес, өндірістік нысан­дарда өткізеді. Жұмыс сапары­мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына келген «ҚазМұнай­Газ» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының бірінші орынба­сары – Ақтау қаласындағы жедел басқару тобының жетекшісі Владимир Мирошников, Қызмет­керлер және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Тарас Хитуов та Жаңаөзен қа­ласында дауыс берді. – Бүгінгі күн – біздің еліміз үшін өте маңызды күн. Мен бү­гін еліміздегі тұрақтылықты жақ­тап, алдағы 20-30 жыл ішінде Қазақ­станның қарқынды дамуы жөнін­дегі жоспарларды және ре­фор­малардың жалғасуын қол­дап дауыс бердім. Мен тек қана Жаңаөзен мұнайшылары ғана емес, сонымен қатар еліміздің тұрғындарының басым көп­ші­лігі осындай таңдау жасай­ты­ны­на сенімім мол, – деді Қыз­мет­керлер және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Тарас Хитуов. Ал қазақ мұнайының қара ша­ңырағы Атырау облысында да дауыс беру жақсы дайын­дықпен өткізілді. «Ембімұнай­газ» өн­ді­рістік филиалында сай­лау күні 1400-дей мұнайшы вахтада бол­ды. Олар үшін ар­найы ұйымдас­тырылған рейс­тердің ар­қасында мұнайшылар­дың барлығы түскі сағат 14.00-ге дейін бір кісідей дауыс беруге қатысты. Зарина АМРАЕВА. «Өзенмұнайгаз» ӨФ жас мұнайшысы Қуандық Өсеров алғаш рет дауыс берді.