3 сәуірде Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы бойынша дауыс беру өтті. Дауыс бергендердің саны 800-ден астам адамды құрады.
Сайлау пункттері заңнама талаптарына сай жабдықталды және жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.00-ден жұмыстарын бастады, дауыс беруге қатысушыларға президенттікке төрт үміткер туралы толық ақпарат берілді.
Көптеген қазақстандық азаматтар дауыс беруге Түркияның Измир, Бурса, Ескишехир, Кония, Кайсери және тағы басқа қалаларынан келді. Сайлаушылардың басым көпшілігі сайлауға күннің бірінші жартысында қатысты. Түркия жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер белсенділік танытты. Аталған факт ел алдындағы азаматтық борыштың көрінісі болып табылады және студенттік жастардың саяси жетілуінің өсіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы елшілігі.