• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Ел мен Ер

595 рет
көрсетілді

Ердің елі, елдің ері бар екен! Оған 3 сәуір күні өткен Президенттің кезектен тыс сайлауының қорытындысы ай­ғақ. Нұрсұлтан Назарбаев алдын ала есептеулерге қарағанда, 95,5 па­йыз дауыс алды. Үлкен жеңіс. Бірақ сол жеңістің ар жағында не тұр? Әри­не, Елбасы, Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қызметінің абыройлы жолы жатыр. Бір қарағанда, Президент болу да, ел тізгінін ұстау да оңай көрінетін сы­ңайлы. Сайлау адам психоло­гия­сы­ның осал тұстарын ашып берді. Ардагер де, көріпкел де, жұмыссыз да Президент бо­ла­мын деп жар салды. Аса таяғын та­қылдатып тағы бір ағамыз қосылды. Ойлан, қазақ! Ел бастау да, қол бас­тау да оңай болса, кәнеки! Халық та­ри­хындағы Есім ханның ескі жолы да, Қасым ханның қасқа жолы да, Әз Тәу­кенің жеті жарғысы да сана түгіл, ойына кіріп-шықпайтын пендешілік психоло­гиясы неге бас көтере береді деп ой­ла­на­сың. «Атың шықпаса, жер өр­те» деген мақалды тура мағы­на­сын­да емес, ауыспалы мағына­сын­­да түсі­нетін заман келді ғой. Абай да­на­ның өзі қара­сөз­дері­нің бірінде осын­дай психоло­гияға не­гізделген қа­зақ­­тың мінезін сынамаушы ма еді? Демократия ерттеп те, ерттемей де міне беретін сәй­гү­лік емес. Ол Аязби айтқан «құ­мырсқа жо­лың­ды біл» на­зи­расының алтын арқауы. Оны түсі­не­тін ойлы жү­рек, санадағы тілекті «сап-сапқа» түсі­ретін ұят керек. Хош! Сонымен, аламан бәйге не көрсетті? Үйренетін де, сараптайтын да тұстарымыз баршылық. Ең ал­ды­мен Қа­­зақстанда демократия да, ашық қо­ғам­ның алғышарттары да да бар екеніне әлем көз жеткізді. Сайлау ба­ры­сын алыс және жақын шетелдік 1059 бақылаушы қадағалады. Оларға қосымша Сыртқы істер министрлігінде тіркелген 200 журналист және бар. Оған 30 мыңнан астам отандық бақылаушыны қосыңыз. Яғ­ни, әлемдік қоғамдық ойдың көз ал­дында өткен сайлау ашықтығымен, әділ­дігімен, мүм­кін­діктердің теңгермелігімен айшық­талды. Сондықтан да Елбасы Н.Назарбаев қа­дап айтқандай, бұл сайлауда заң үс­темдік етті, ой жарысы, ел тағдырына қатысты ұлттық құндылық­тар сарапқа салынды, сайлаушының кең ақпарат алуына мүмкіндік берілді. Қазақстанда оннан астам саяси партия бар. Сол алуан партиялардың бағын сынайтын уақыт туған-ды. Ол көрік секілді, партия жұмысын қыз­ды­рып, түрлі сайлау технологияларын пай­далануға мүмкіндік беретін еді. Өкінішке орай, мұндай сәтті «мық­ты­мыз» деп жүрген партияларымыз са­налы түрде пайдаланбады. Неге? Белдесуге жарамайтындарын білді. Бірақ, «жығылсаң жер көтереді, намысыңды ел көтереді» деген халық даналығы бар емес пе еді? Ашық күресудің ор­ны­на «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей тобықтан шалу саясаты таңдал­ға­ны мәлім. Әртүрлі жүйрік бар, әліне қа­рай шабады. «Сайлауға бар­ма» деп еді, халық сайлауға барды, «Назар­баев­қа дауыс берме» деп еді, халық Назарбаевқа дауыс берді. Дауыс беріп қана қоймай, сайлау додасының на­си­хатына тікелей қатыспаған Ел­ба­сын қай­тадан жұдырықтай жұмылып, таққа отырғызды. Ал Назарбаев болса, «мен емес таққа отырған, қазақ, ел тақ­қа отырды» деген ұстанымда. Шыны сол. Назарбаев үшін президенттік қыз­мет елінің, оның жаңа заманауи дам­уын жүзеге асыру үшін қажет. Кеше ғана референдум өткізіп, Елбасының өкілеттігін 10 жылға ұзартуды ұсын­ған 5 миллион сайлаушы халықтың тілегі, халықтың үміті жеңіске жеңіс қосты. Мұны Назарбаевтың шекпенінен шық­қан, кеше билікте, бүгін қар­сы­ластар ендігінде жүрген партия «сер­келері» білсе де білмеген, көрсе де көрмеген болды. Бірақ халықтан артық әділ, ха­лық­тан артық кең, халықтан артық сарапшы жоқ. Сондықтан да Президент «халықтан айналайын» деп бас иді. Бұл жеңіс алғашқыда жеңіл кө­рін­генімен, өзінің психологиялық терең­ді­гімен, Араб елдеріндегі көрі­ніс­­тер­дің көлеңкесімен, саяси топтар­дың үр­кітуге тырысқан, ашық-жабық әрекет­тері­не қарамастан, салмақты да сали­қалы екендігін паш етті. Елбасы Н.Назарбаев саяси қоғам­дық сыннан өткен ірі тұлға, ірі қай­рат­кер. Бұл күнде Ататүрік, Рузвельт, Шарль де Голль сынды әлемді аузына қа­­ратқан саясаткерлердің қатарына қо­­­­сылып, есімі аталып жүрген Нұр­сұл­­­тан Назарбаев кешеден бүгінге кел­­ген ұлт қайраткері. Н.Назарбаев «Өмір – үйренуден тұрады» дейтін қағиданы ұстанады. Сондықтан да Тәуелсіздік туы желбіреген күннен бастап халқының көз ал­дын­да өзі өсті, хал­қы өсті. Өзі үй­рен­ді, жаңа нарықтық қа­тынастарға халқы үй­ренді. Жиырма жыл­­ға жетер- жетпес уа­қытта Қазақ­стан жа­­ңа тұр­пат­ты жас мем­­ле­кет­тен азу­­­­лы мем­ле­кет­тердің өзі сана­са­тын, өрке­ниет­ті елу елдің қа­та­рына қол созған, пост­кеңестік жү­йеден шық­қан ірі мемлекетке айналды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев миға «ша­буыл» жа­саудан жалық­қан емес. Әлем өрке­ние­ті қалыптас­тыр­ған жақ­сы тәжірибелерді Қазақ­стан мемлекеті мен ұлттық менталитеті тұр­ғы­сынан шендестіре отырып, үнемі тың ізденістер мен ұсыныстар айтады. Са­йып келгенде бұл Қазақстанның әлем­дік дағдарыс­қа қарамай-ақ 2020 жылға дейінгі дамуы­ның стратегиялық бағдар­ла­­ма­сын жасақ­тау­ға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы да өміршең, кезең-кезеңмен атқарылатын асқаралы міндеттермен ұштасып жатады. Күні кеше жа­саған Қазақстан халқына Жол­дауын­да Н.Ә.Назарбаев ел өмірінің тамыр­шы­сын­дай, халық күткен мәселелерге ба­тыл ұстанымдармен келді. Бұл да кө­реген саясаткердің ел мен жер, халық пен қоғам арасындағы біртұтастық кон­цеп­циясының орныққанының дәлелі. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауы Елба­сы­ның «Не істеу керек?» деген сауалға жауап тапқанының айғағы болды. Енді Қазақ­стан алдағы 10 жылда тұсаулы аттай ты­пыр­ламайды, енді Қазақстан әлем өрке­ниетіне қарай көсіле шабады. Мәре ай­қын, ол ұлттық құндылығы – тәуелсіз Қа­зақстан, мемлекет және оның азамат­тары­ның ортақ мақсаты біріккен, экономи­калық өрлеу – халықтық іске айналатын, өңірлік және халық­аралық интеграцияны дамытып, төрт құбыласы тең Отаны­мыз­дың ашық та, айқын қоғамын құру. Осының бәрі алдын болжайтын, со­ңын ойлайтын ірі саясаткердің қадам­дары екенін Елбасының жақтастары да, қарсыластары да мойындауы керек қой деп ойлаймын. Ең алдымен ХХІ ғасыр – Қазақстан ғасыры екенін ұмытпайық. Сондықтан да Қазақстан үшін ең өзекті де өркенді бағдарлама – 2020 бағдарламасы болға­лы отыр. Сол бағдарламаны орындау ғана емес, сол арқылы әлеуеті күшті, өр­ке­ниетті елу елдің қатарына қосылу үшін қоғам да, адам да, қоғамдық қаты­нас­тар да өзгермек. Бір сөзбен айт­қан­да, тарихи салыстыру тұрғысынан келсек, кезіндегі Рузвельттің АҚШ-ты дағ­дарыстан шыға­ру­ға арнаған «Жаңа ба­ғы­ты» сияқты бұл бағдарлама өнер­кә­сіпті, экономиканы, идео­логияны дамы­та­тын азаматтық қоғам құрудың алғы шарты болатын тосын жол, тың соқпақ, басты бағыт. Бұл бағдарламаға Н.Назарбаев әлем өркениеті өткен жолды сараптап, керектісін іріктеп, индустриялық-инновация­лық жаңғырту тұрғысынан келді. Өзі өткен жолдың күнгейі мен көлеңкесін уақыт безбеніне салды. Н.Назарбаев ұсынып отырған Қазақ­станның индустриялық модерниза­ция­сы арқылы әлеуметтік модернизациялы саяси өзгерістерге жол ашылмақ. Бұл әлемдік дағдарыс кезіндегі қазақ­стан­дық әдістің оңтайлы орын алғанын ай­ғақтап отыр. Демек, «әуелі экономика, сонан соң саясат» ұстанымы әлі де өміршең. Әрі бұл азаматтық және ұлт­тық ұстанымдарға негізделген мемле­кет­тің потенциалының қарқынды дами­тын бағдаршамына айналмақ. Сайлау тағылымдары сарапшылар, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар та­ра­пы­нан әлі зерттеліп, пайымдала жатар. Де­генмен, бір нәрсенің беті ашық. Әлем мо­йындаған саясаткер Н.Назар­баевқа ба­ла­ма­лы түрде президенттікке үміткер бол­ған Қазақстан патриоттар партия­сы­ның төр­ағасы, сенатор Ға­ни Қа­сымов, Қа­зақстан халықтық ком­му­нис­тік партия­сы­ның өкілі Жамбыл Ахметбеков, эколог Мэлс Елеусізов үл­кен бәсекеге жақсы дайындықпен келгендерін танытты. Көп­теген қорда­лан­ған мәселелерді кө­тер­ді. Әсіресе, әлеу­меттік жағынан қор­ғалуы әлі де төмен топтардың өкіл­дері­мен кездесулерінде көтерілген мәсе­ле­лер олар­ды ғана емес, «Нұр Отан» халық­тық-демо­кра­тиялық пар­­­тиясының өкіл­дерін де бейжай қал­ды­ра алмайды. Сон­­дық­тан­ да Прези­дент­тің сенімді өкі­лі, Мәжіліс депутаты ретінде мен де сай­лау бары­сын жіті қа­дағалап, халық­пен кездесіп, кездесулерде көтеріл­ген өзек­ті деген мәселелерді қо­йын дәп­тер­ге түртіп ал­дым. Жақында Ауыл ша­руа­шылық министрі А.Күріш­баев Парламент Мәжілісіне келіп, ауылдық елді мекендерді дамытудың 10 жылға арнал­ған мемлекеттік бағдарлама­сы­ның орын­да­луы туралы есеп беретін болады. Бәсекеге түскен, президенттікке түс­­кен үміткерлердің бағдарлама­сын­да қосылатын да, қосылмайтын да тұс­та­ры бар ғой деп ойлаймын. Са­лыстыру үшін, айта кетелік. Үміткер Ғани Қа­сымов саяси жүйені модернизациялау қажет деп есептейді. 9 партияның 3-і ғана өз өкілдерін президенттікке кандидат етіп ұсынды. Бұл Президент Әкімшілігінің қысымы дейді. Бұл не сарын? Сонда Президент Әкімшілігі Жармахан Тұяқбайға, Болат Әбіловке, Тоқтар Әубәкіровке, Ға­зиз Алдамжаровқа, Әлихан Байменовке, Жасарал Қуанышалинге президентке үміткер болып, сайлауға түспе дей ме? Халықты алдаусыратудың қажеті жоқ. Ғани Қасымов вице-президент лауа­зымын Сенат төрағасы болып қатар ат­қа­ратын жаңа лауазым қажет деп есептейді, әрі облыстық құрылым­дарды жою қажет деп түйіндейді. Үкімет – министрлік – аудандық әкім­діктер. Облыс орталықтары Алматы, Астана сияқты статуста болғаны жөн деп санайды. Әрине, әркімнің өз ой еркіндігі бар. Бі­рақ бұл өзгерістер халыққа да, қоғамға да түсініксіз. Ал түсініксіз нәрсенің бәрі көмескі. «Әсіреқызыл тез оңар» деген халық нақылын ұмытпайық. Үміткер Жамбыл Ахметбеков мә­се­лені тағы да коммунисше шешкісі келеді. Энергетика, мұнай және тау-кен өндірісі, темір жол, әуе тран­спор­тын мемлекет мен­шігіне қайтару керек. «Әуелі эко­номика, сонан соң саясат» ұраны ескірген деп есептейді. Бұл тағы да революция, бұл тағы да қантөгіске әкелетін жол. «Билікте күш, бізде – шындық» деген ұранды ту еткен коммунист үміткердің бұл ұранына кім иланады? Ол қандай шындық? Шындық – біреу. Ол Қа­зақ­стан енді ешқашан коммунистік идео­логия­ның құрбаны бола алмайды. Коммунист Ж.Ахметбековтің «Ха­лық­тың президентке жолдауы» ұста­ны­мы табылған саяси әдіс деп есептеуге болады. Оны билік партиясы екшеп, қа­жеттісін алады ғой деп ойлаймын. Бұл туралы Елбасы өз жақтастарының «Қа­зақ­стан» спорт кешенінде кеше өткізген форумында қадап айтты. М.Елеусізов экологиялық қорғауды қажет ететін нақ­ты істермен көзге түсті. Бұлақ көз­дерін ашты, арықтарды таза­лады, ағаш отыр­ғызды. 3 сәуір күні М.Елеусізов ашық түрде Елбасы Н.На­зар­баевқа өз дауы­сын берді. Азаматтық үрдіс. Н.Назарбаевқа баламалы түрде сай­лауға түскен барлық канди­дат­тар­дың бағдарламасының әр кескіндегі, әр маз­мұндағы бағдарламаларының ар­жа­ғын­да Назарбаев бағдарлама­сы­ның сұл­басы жатқанын да айта кеткен жөн. Н.Назарбаев «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет», – деп еді. Соның ең негізгі нәтижелеріне көз жүгіртелік: Қазақтың есесі кеткен тарихын қайтарған кім – Нұрсұлтан Назарбаев! Есіктегі басын төрге шығарып, жас қазақтың етектегі орнын кәрі құрлық Еуропаның төріне апарып отырғызып, ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұстатқызған кім – Нұрсұлтан Назарбаев! Қазақстанды әлем картасына енгізіп, қазақ деген мемлекет бар екенін орнықтырып, оның шекарасын халық­аралық құжаттармен шегелеген кім – Нұрсұлтан Назарбаев! Сарыарқаның төріне, Еуразияның кіндігіне әкеліп, орда салған да – Нұрсұлтан Назарбаев! Түркі әлемінің көк туына айналған да – Нұрсұлтан Назарбаев. Терезесі тең, керегесі кең елдің Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Жеңіс құтты болсын, ағайын! Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты.