Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясы 2011 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласында «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» атты күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 18-і. №469