• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №986

630 рет
көрсетілді

2010 жылғы 20 желтоқсан, Астана қаласы Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін. 2. «Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №881 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6025 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылы №10 актілер жинағында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр  С. ҚАЙЫРБЕКОВА. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсан  №986 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы ереже халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оны әртүрлі кезеңдерде жүзеге асыруға жауапты органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды. 2. Мамандандырылған және жоғары маман­дандырылған медициналық көмек көрсету «М­еди­циналық көмектің түрлері мен көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы №796 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде №5955 тіркелген) бекітілген түрлер мен көлемдерге сәйкес жүзеге асырылады. 3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайда­ланылады: мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін меди­циналық көмек; жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек. 2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі 4. Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді медициналық денсаулық сақтау ұйым­дары консультациялық-диагностикалық, стацио­нар­ды алмастыратын көмек немесе стацио­нар­лық медициналық көмек нысанында көрсетеді. 5. Мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің кез-келген деңгейінде диагнозды ұқсастандырудағы қиыншылықтар кезінде, сон­дай-ақ, науқас тасымалданбайтын жағдайда қа­жет болған жағдайда республикалық деңгей­дегі консультантты қоса алғанда, қажетті маман­дар­ды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады. 6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен емдеуге жатқызу жағдай­ларының жоспарланған санының шеңберінде пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауға құқықтарын есепке ала отырып, жүзеге асырылады. § 1. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек 7. Халыққа амбулаториялық-емханалық дең­гей­дегі мамандандырылған медициналық көмек тәуліктік бақылаусыз диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетеді. 8. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек ста­ционарды алмастыратын көмек түрінде көр­сетілуі мүмкін. 9. Пациенттің жергілікті деңгейдегі медици­на­лық ұйымда стационарлық емдеуге айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық ұйым­­ның дәрігері «Денсаулық сақтау саласын­дағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Емдеуге жатқызу порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйым­дастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нистрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі №492 бұй­рығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде №6380 тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласын­дағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Емдеуге жатқызу порта­лын­да (бұдан әрі – Емдеуге жат­қызу порталы) жолдама тіркеледі және оны пациентке береді. 10. Шұғыл айғақтары бойынша емдеуге жат­қызу қажет болған жағдайда пациентті жедел медициналық жәрдем қызметімен немесе амбу­ла­т­ориялық-емханалық ұйымның санитариялық автокөлігімен медицина қызметкерінің алып жүруімен стационарға жеткізіледі. § 2. Стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек 11. Халыққа стационарлық деңгейдегі маман­дандырылған медициналық көмекті тәуліктік бақылаумен диагностикалау мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдар көрсетеді. 12. Халыққа стационарлық деңгейде мамандандырылған медициналық көмек стационарлық және стационарды алмастыратын технология түрінде көрсетіледі. 13. Диагностика мен емдеудің барлық әдіс­терін қолданған стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты пациентте оң емдеу тиімділігі болмаған жағдайда бұл пациент мамандандырылған және жоғары мамандан­дырылған медициналық көмек көрсететін жергілікті деңгейдегі басқа медициналық ұйымға ста­ционарлық емдеуге жіберіледі. 14. Жергілікті медициналық ұйымда маман­дан­дырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде пациентте оң емдеу тиімділігі болмаған жағдайда пациент мамандандырылған және жоғары мамандан­дырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымға жіберіледі. 15. Пациентті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін стационарға емдеуге жатқызуға жолдама Емдеуге жатқызу бюросында тіркеледі. § 3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі 16. Стационарлық көмек нысанындағы ЖММК жергілікті деңгейдегідей республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда да көрсетіледі. Консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК республикалық деңгейде көрсетіледі. 17. Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйым­дарда стационар жағдайында ЖММК көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының пор­талында тіркейді және оны пациентке береді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жергілікті деңгейде жоғары мамандандырылған меди­ци­на­лық көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағ­дайда республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін па­циенттің құжаттар пакетін облыстардың, рес­публикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары мамандандырылған меди­циналық көмек жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – ЖММК комиссия) қарауға жібереді. 18. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда емдеудің барлық әдістері бар пайдаланылған стационарлық емдеудегі пациентті емдеуге оң емдік тиімділік бол­маған жағдайда, ал республикалық медициналық ұйымдарда диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері қолданылуы мүмкін рес­публикалық медициналық ұйымдарда емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен немесе бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, өңірлік комиссияның қарауына стацио­нарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені факсимальдық байланыс арқылы жібереді. 19. ЖММК комиссияның шешімі стационар­лық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық кө­мекті көрсету үшін азаматтарды респуб­ликалық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызудың және консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі болып табылады. 20. ЖММК комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынылады: 1) пациенттің жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) пациенттің клиникалық диагнозын көрсете отырып медициналық ұйым маманының жол­дамасы; 3) пациентті зерттеп-қараудың ең аз қажетті көлемінің нәтижелері (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, нәжістің ішекқұрт жұмыртқаларына талдауы, кеуде ағзаларының флюорографиясы, электрокардиограмма және HbsAg болуы); 4) өңірлік деңгейде мүмкін болатын клини­калық диагнозды, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, амбулаториялық картадан/сырқатна­мадан көшірме; 5) пациенттің клиникалық диагнозын растай­тын зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері. ЖММК комиссия пациенттің құжаттар пакетін сырттай немесе қажет болған жағдайда пациентті бейінді мамандардың комиссиялық қарауы­на шақыра отырып, қарауға құқылы. 21. ЖММК комиссиясы ұсынылған құжат­тарды қарайды және пациентті түрлері мен көлеміне және пациент тасымалдануына сәйкес мамандандырылған және жоғары маманда­дырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды. 22. Пациенттің құжаттары келіп түскен сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ЖММК комиссиясы хаттамалық шешім қабылдайды. 23. Республикалық медициналық ұйымдарда пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комис­сиясы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталына тіркейді және жіберген медициналық ұйымда басылып шығарылған жолдамамен құжаттардың пакетін береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін пациентті емдеуге жатқызу туралы хабарлайды. 24. Пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталына бас тартуды тіркейді және жіберген медициналық ұйымға дәйекті бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін қайтарады. 25. Республикалық деңгейде консультация­лық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету үшін айғақтары болған жағдайда ам­булаториялық-емханалық көмек көрсететін ме­ди­циналық ұйым­ның маманы ЖММК комис­сиясына қарау үшін пациенттің құжаттарының пакетін жібереді. 26. Пациентке республикалық деңгейде кон­сультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Емдеуге жатқызу порталына жолдаманы тіркейді және автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы жіберген медициналық ұйымға береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін медициналық ұйым пациентке жолдаманың күні туралы хабарлайды. 27. Пациентке республикалық медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталында бас тартуды тіркейді және уәждемелі бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады. 28. Пациенттердің құқықтарын қорғау, меди­ци­налық ғылымды дамыту мақсатында респуб­ликалық медициналық ұйым пациентті жоғары мамандандырылған көмектің жоспарлы көлем­дерінен 10% шекте медициналық айғақтары болған жағдайда мынадай адамдарды өз бетінше емдеуге жатқызады: 1) әлеуметтік-қорғалмаған топтарға: 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді, «Ал­тын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапат­талған көп балалы аналарды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, жасына қарай зейнеткерлерге, әлеуметтік мәні бар науқастарға; 2) шұғыл және жедел медициналық айғақтары кезінде; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілеген ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау шеңберінде. Бұл ретте, республикалық медициналық ұйым медициналық көмек көрсету үшін пациентті емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдау кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Емдеуге жатқызу бюросының порталында жолдаманы тіркейді және оны медициналық картаға қосады. 29. Өңірлердің бөлігіндегі халықтың ЖММК-ке деген қажеттіліктерін анықтауды және жекелеген аурулар бойынша жоғары мамандан­дырылған медициналық көмектің шекті көлемдерін бекітуді денсаулық сақтау саласын­дағы уәкілетті орган құрған медициналық технологияларды стандарттау мен бағалау жөніндегі Сараптама кеңесі жүзеге асырады. 30. Медициналық ұйымдардың ЖММК көрсетуіне рұқсат беру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6711 болып енгізілді.