• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №74

370 рет
көрсетілді

2011 жылғы 3 ақпан                                   Астана, Үкімет үйі Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1) Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) бекітілсін. 2) Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы №74 қаулысымен бекітілген Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) 1. Жалпы ережелер 1. Осы Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағида) табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын (U3O8) өткізу бағасын белгілеу (есептеу) тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар 2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар: 1) ұзақ мерзімді келісімшарт – табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алуға-сатуға үш жылдан және одан да көп жыл қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт; 2) орта мерзімді келісімшарт – табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алуға-сатуға бір жарым жылдан үш жылға дейінгі қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт; 3) споттық келісімшарт – табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алуға-сатуға алты айдан бір жарым жылға дейінгі қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт; 4) қысқа мерзімді келісімшарт – табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алуға-сатуға алты айдан аспайтын қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт; 5) оферта – егер ол жеткілікті түрде анық­талған болса және ол (акцепт) қабылданған жағ­дайда ұсыныс жасаған тұлға өзін байланысты деп санайтын ниетін білдірген болса, табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сату келі­сім­шартын жасасу туралы ұсыныс. Егер онда шарт­тың елеулі талаптары немесе оны анық­тайтын тәртібі көрсетілген болса, ұсыныс жеткілікті түрде анықталған болып табылады. Бұл ретте осы Қағиданың мақсаттары үшін офер­та­ның қолданылу мерзімі оның негізінде қысқа мерзімді келісімшарт жасалатын офертаны қос­па­ғанда, оны берген күнінен оны (акцепт) қа­был­дау күніне дейін алты айдан аспауға тиіс. Қысқа мерзімді келісімшарт бойынша офертаның қолданылу мерзімі оны берген күннен ол (акцепт) қабылдағанға дейін екі айдан аспауға тиіс; 6) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған баға – «Ux Consulting LLC» (АҚШ) және «Trade Tech LLC» (АҚШ) компа­ния­ларымен Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі − АҚШ) долларымен жария етілген, U3O8 фун­ты үшін АҚШ долларымен белгіленген таби­ғи уран (U3O8) концентратының фунтына ұзақ мерзімді, орта мерзімді немесе споттық бағаның индикаторы; 7) мәміле бағасы – осы Қағидаға сәйкес та­биғи уран концентратын сатып алу-сатуға арнал­ған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген табиғи уран концентратының (U3O8) фунтын өткізу бағасы. Егер келісімшарт бой­ынша төлем валютасы АҚШ доллары болып та­былмаса, онда мәміле бағасына АҚШ долларын меншік құқығы ауысқан күні қолданыстағы ба­ғам бойынша төлем валютасына ауыстыру коэф­фи­циенті қолданылады; 8) эскалация коэффициенті – төлем валю­тасын шығарушы елдің уәкілетті органы жа­риялаған деректер бойынша төлем валютасының құнсыздану деңгейін көрсететін (егер төлем валютасы АҚШ доллары болып табылса, онда АҚШ Коммерция Департаменті; егер төлем валютасы Евро болса, Орталық Еуропалық Банкі, басқа валюта үшін – төлем валютасын шы­ға­рушы елдің келісімшартта көрсетілген уәкілетті органы) және базалық бағаға қолданылатын көрсеткіш; Эскалация коэффициенті Жалпы Ішкі Өні­м­нің (бұдан әрі − ЖІӨ) сатып алушыға тауардың меншік құқығы өтетін тоқсанның алдындағы бір тоқсанға жарияланатын Баға Дефляторы Индексі және ЖІӨ-нің келісімшартты жасаған тоқсанда немесе офертаны берген тоқсанда жарияланатын Баға Дефляторы Индексі мөлшерлерінің ара­сал­мағы ретінде анықталады; 9) табиғи уран концентратының (U3O8) фун­тын уран килограмына аудару коэффициенті – зауыт-конвертормен анықталған уранның бір килограмындағы табиғи уран концентраты фун­тының мөлшерін белгілейтін мөлшер; 10) дифференциал – табиғи уран концен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларында немесе уран килограмы үшін теңгеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес, мәміле бағасын немесе ақпарат көздерінен алынған бағаны салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері; Дифферинциалдың құрамалары құжат ретінде немесе ресми қабылданған ақпарат көздерімен бекітілуі тиіс; 11) дисконт – сатушы сатып алушыға ұсы­натын, табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта анықталатын, уран нарығындағы сауданың жалпы қабылданған практикасына сәйкес сегіз пайыздан аспайтын баға жеңілдігі, пайызбен (%) көрсетіледі; 12) FP – табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген мәміле бағасының төмен шегі; 13) СР − табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, мәміле бағасының табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген жоғарғы шегі. 3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын анықтау тәртібі 3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула арқылы есептеледі: P = SP х (100% – D) : 100% – Т, мұнда: P – мәміле бағасы (U3O8 фунтына АҚШ долларымен); SP – офертаны беру немесе келісімшартты жасасу күніне табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен ал­ын­ған споттық баға индикаторларының орташа ариф­метикалық мәні (табиғи уран концен­тра­тының U3O8) фунтына АҚШ долларымен); D – дисконт, %; T – табиғи уран концентратын (U3O8) жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ес­керілетін дифференциал (табиғи уран концен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен). 4. Егер табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта дисконт көзделген жағдайда, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есептемей жасалады. 5. Егер Р уран килограмы үшін АҚШ долла­рымен есептелсе, онда табиғи уран концен­тра­тының (U3O8) фунты үшін AҚШ долларымен есеп­телген Р-ға табиғи уран концентратының (U3O8) фунттарын уран килограмдарына ауыс­ты­ру коэффициенті қолданылады, ал мәміле баға­сы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (SP х (100% – D) : 100% – Т) x С, мұнда: С − табиғи уран концентратының (U3O8) фун­тымен белгіленген, уранның килограмына бө­лін­ген, табиғи уран концентраты (U3O8) фунт­тарын уран килограмдарына аудару коэффи­циен­ті. 6. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (SP х (100% – D) : 100% – Т) x ER, мұнда: ER (exchange rate) мөлшері – табиғи уран концентратын сатқан күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті. 7. Осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (SP х (100% – D) : 100% – Т) x С x ER. 4. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасын анықтау тәртібі 8. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула арқылы есептеледі: P = SP х (100% – D) : 100% – Т, мұнда: P – мәміле бағасы (табиғи уран концен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); SP − меншік құқығы сатып алушыға өтетін күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа ариф­метикалық мәні. Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде меншік құқығы өту күні споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығы өтетін күн алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долла­рымен); D – дисконт, %; T – табиғи уран концентратын (U3O8) жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен). 9. Табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта дисконт көз­делген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есептемей жасалады. 10. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ дол­ларымен есептелсе, онда табиғи уран кон­центраты (U3O8) фунты үшін AҚШ долларымен есептелген Р-ға табиғи уран концентраты (U3O8) фунтының уран килограмына ауыстыру коэффи­циенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (SP х (100% – D) : 100% – Т) x С, мұнда: С − табиғи уран концентратының (U3O8) фун­тымен белгіленген, уранның килограмына бө­лінген, табиғи уран концентраты (U3O8) фунт­тарын уран килограмдарына аудару коэффициенті. 11. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (SP х (100% – D) : 100% – Т) x ER, мұнда: ER (exchange rate) мөлшері – табиғи уран концентратын сатқан күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті. 12. Осы Қағиданың 10 және 11-тармақ­тарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (SP х (100% – D) : 100% – Т) x С x ER. 5. Орта мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын анықтау тәртібі 13. Орта мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = (1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т, бұл ретте: егер Р < FP, мұнда Р = FP егер Р > CP, мұнда Р = CP , бірақ егер CP < (SP – 10%), онда Р = (SP − 10%)*, мұнда: P – мәміле бағасы, (табиғи уран концен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); ВР – базалық баға – мәміле бағасының құраушы келісімшарттың барлық орындалу мерзіміне тұрақты офертаны беру немесе келісімшарт жасасу күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық және орта мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); SP – споттық баға – мәміле бағасының ауыс­палы құрауышы − сатып алушыға меншік құқығы өту күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде меншік құқығы өтетін күні споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығының өту күнінің алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); K – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды орта мерзімді бағалардың серпінімен және өзгеру деңгейіне байланысты тә­уе­келдерді барынша азайту үшін мәміле баға­сының формуласымен базалық бағаның және споттық бағаның үлестері анықталатын коэффициент. К мынадай формула бойынша анықталады: K = 0,5 x k, мұнда: 0.5 – келісімшарт бағасын есептеудің бастап­қы кезеңінде базалық баға мен споттық баға үлестерінің теңдігін анықтайтын К коэффи­циен­тінің тұрақты бөлігі; k – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамдық бағалар өзгерісінің деңгейін белгілейтін K коэффициентінің ауыспалы бөлігі. Егер k екіден көп болған жағдайда, онда есептеу үшін екіге тең мән алынады. Есептеулерде үтірден кейін бір белгілеуші цифрасы бар мән қолданылады; k мынадай формуламен анықталады: k = РР : ВР, мұнда: ВР – базалық баға – мәміле бағасын құраушы келісімшарттың барлық орындалу мерзіміне тұрақты − табиғи уран концентратына (U3O8) оферта беру немесе келісімшарт жасасу күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық және орта мерзімді баға индикатор­ларының орташа арифметитикалық мәні (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); РР – табиғи уран концентратына (U3O8) ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды бағалар индикаторларының орташа арифмети­ка­лық мәні. Есептеу үшін табиғи уран концен­тра­тына (Mid Price Annual Midpoint), Ux Consulting LLC«Uranium Market Outlook» есеп беруінде және Trade Tech LLC «Uranium forecast report» есеп беруінде тоқсан сайын жарияланатын баға индикаторларының өзгеру болжамының базалық сценарийінің орташа мәні пайдаланылады. Кезекті жеткізу жүзеге асырылған тоқсан РР үшін есептесу кезеңінің басталуы болып саналады. Орта мерзімді келісімшарттың қолданылу мер­зі­мінің соңғы тоқсаны РР үшін есептесу кезеңнің аяқталуы болып табылады (табиғи уран кон­цен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); D – дисконт, %; T – табиғи уран концентратын (U3O8) жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (табиғи уран концен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен). Табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көздел­ген болса, онда мәміле бағасын есептеу трей­дер­дің, сауда делдалының немесе агенттің мар­жа­сын есептемей жасалады; Esс – эскалация коэффициенті. 14. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда табиғи уран кон­центраты (U3O8) фунты үшін AҚШ долларымен есептелген Р-ға табиғи уран концентраты (U3O8) фунтының уран килограмына ауыстыру коэффи­циенті қолданады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т) x С, мұнда: С − табиғи уран концентратының (U3O8) фунтымен белгіленген, уранның килограмына бө­лінген, табиғи уран концентраты (U3O8) фун­т­та­рын уран килограмдарына аудару коэффициенті. 15. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т) x ER, мұнда: ER (exchange rate) мөлшері – табиғи уран концентратын сатқан күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респуб­ли­к­асы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті. 16. Осы Қағиданың 14 және 15-тар­мақта­рында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т) x С x ER. 6. Ұзақ мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын анықтау тәртібі 17. Ұзақ мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула арқылы есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100%– Т), бұл ретте: егер Р < FP, мұнда Р = FP егер Р > CР, мұнда Р = СР, бірақ егер СР < (SP – 10%), онда Р = (SP – 10%), мұнда: P – мәміле бағасы, (табиғи уран концен­тра­тының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен) ; ВР − базалық баға – мәміле бағасын құраушы келісімшарттың барлық орындалу мерзіміне тұрақты − офертаны беру немесе келісімшартты жасасу күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алын­ған орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға инди­каторларының орташа арифметикалық мәні, ол келісімшарт қолданылуы оның күшіне енген күнінен бастап әрбір бес жылда қайта қаралуы тиіс. Осындай әрбір қайта қарау кезінде ВР, келісімшарт күшіне енген күннен бастап әрбір бесінші жылдағы келетін күнгі табиғи уран концен­тратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифмети­калық мәніне сәйкестікке келтіріледі. Келісімшарт күшіне енген күннен бастап әрбір бесінші жылдығына келетін күнгі табиғи уран концентратына (U3O8) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифме­тикалық мәні ресми түрде танылған ақпарат көздерінде болмаған кезде, келісімшарт күшіне енген күннен бастап әрбір бесінші жыл­дығы келетін күннің алдындағы болатын күні жа­рия­ла­натын табиғи уран концентратына (U3O8) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары қолданылады (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен). SP – cпоттық баға – бағаның ауыспалы құрауышы − меншік құқығы сатып алушыға өтетін күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алын­ған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Меншік құқығы өтетін күнге споттық баға индикаторлары ресми түрде мойындалған ақпарат көздерінде болмаған кезде меншік құқығының өтетін күні алдындағы күнге жария етілген споттық баға индикаторлары қолданылады (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); K – ол арқылы ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды орта мерзімді бағалардың серпінімен және өзгеру деңгейімен байланысты тәуекелдерді барынша азайту үшін мәміле бағасының формуласымен базалық баға­ның және споттық бағаның үлестері анықтала­тын коэффициент. К мынадай формула бойынша анықталады: K = 0,5 x k, мұнда: 0.5 – келісімшарт бағасын есептеудің бастап­қы кезеңінде базалық баға мен споттық баға үлестерінің теңдігін анықтайтын К коэффи­циентінің тұрақты бөлігі; k – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамдық бағалар өзгерісінің деңгейін анықтайтын, K коэффициентінің ауыспалы бөлі­гі. Егер k екіден көп болған жағдайда, онда есептеу үшін екіге тең мән алынады. Есептеулерде үтірден кейін бір белгілеуші цифр бар мән қолданылады;. k мынадай формуламен анықталады: k = РР : ВР, мұнда: ВР – базалық баға – мәміле бағасын құраушы келісімшарттың барлық орындалу мерзіміне тұрақты - офертаны беру немесе келісімшарт жасасу күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні, келісімшарттың қолданылуы оның күшіне енген күнінен бастап әрбір бес жылда сайын қайта қаралуы тиіс. Осындай әрбір қайта қарау кезінде ВР, келісімшарт күшіне енген күннен бастап әрбір бесінші жылдығы келетін күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәніне сәйкестікке келтіріледі. Келісімшарт күшіне енген күннен бастап әрбір бесінші жылдығына келетін күнгі табиғи уран концентратына (U3O8) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні ресми түрде танылған ақ­па­рат көздерінде болмаған кезде, келісімшарт кү­ші­не енген күннен бастап әрбір бесінші жыл­дығы келетін күннің алдындағы күні жария­ланатын табиғи уран концентратына (U3O8) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары қолданылады (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен); РР − табиғи уран концентратына (U3O8) ақпа­рат көздерінен алынған болжамды бағалар индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Есептеу үшін табиғи уран концентратына (Mid Price Annual Midpoint), Ux Consulting LLC «Uranium Market Outlook» есеп беруінде және Trade Tech LLC «Uranium forecast report» есеп беруінде тоқсан сайын жарияланатын баға­лар индикаторларының өзгеру болжамының ба­за­лық сценарийінің орташа көрсеткіші пайдала­ны­лады. Кезекті жеткізу жүзеге асырылған тоқ­сан РР үшін есептесу кезеңінің басталуы болып саналады. Кезекті жеткізу күнінен бастап бес жыл­дығы келетін тоқсан РР үшін есептесу ке­зеңінің аяқталуы болып табылады (табиғи уран концентратының (U3O8) фунтына АҚШ долла­рымен); D – дисконт, %; T – табиғи уран концентратын (U3O8) жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (табиғи уран кон­цен­тратының (U3O8) фунтына АҚШ долларымен). Табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көздел­ген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есептемей жасалады; Esc – эскалация коэффициенті. 18. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда табиғи уран кон­центраты (U3O8) фунты үшін AҚШ долларымен есептелген Р-ға табиғи уран концентраты (U3O8) фунтының уран килограмына ауыстыру коэффи­циен­ті қолданады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т) x С, мұнда: С − табиғи уран концентратының (U3O8) фун­тымен белгіленген, уранның килограмына бө­лін­ген, табиғи уран концентраты (U3O8) фунт­тарын уран килограмдарына аудару коэффи­циен­ті. 19. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т) x ER, мұнда: ER (exchange rate) мөлшері – табиғи уран концентратын сатқан күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті. 20. Осы Қағиданың 18 және 19-тармақ­тарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі: P = ((1-K) x BP х (100% - D1) : 100% x Esc + K x SP х (100% - D2) : 100% – Т)x С x ER. Ескертпе: * Осы Қағидаға сәйкес табиғи уран конце­н­тратын (U3O8) сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы FP-дан төмен болған жағ­дайда, FP мәні мәміле бағасы ретінде қолда­нылады. Осы Қағидаға сәйкес табиғи уран концен­тратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы СР-нен жоғары болған жағ­дайда, СР мәні мәміле бағасы ретінде қолда­ны­лады. Егер СР меншік құқығы өту күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде таныл­ған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының он пайызға азайтылған, орташа арифметикалық көрсеткіштен төмен болған жағдайда, меншік құқығы өтетін күні табиғи уран концентратына (U3O8) ресми түрде та­нылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының он пайызға азайтылған, орташа арифметикалық мәні мәміле бағасы ретінде қолданылады. Төменгі және (немесе) жоғарғы шектер мә­міле бағасы ретінде, егер осындай шектер табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға жа­салған келісімшартта белгіленген жағдайда ғана қолданылады.