• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №241

384 рет
көрсетілді

2011 жылғы 10 наурыз  Астана, Үкімет Үйі Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.МӘСIМОВ. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы «10» наурыздағы №241 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы (бұдан әрi – Қағида) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюд­жеттерiне эпизоотияға қарсы шараларды жүр­гiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн анықтайды. 2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 053 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ау­руларының ошақтарын жою» бюджеттiк бағдар­ламасы бойынша республикалық бюджет қара­жаты есебiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi – Ми­нистрлiк) орталықтандырып сатып алған ветери­на­риялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыс­тарды жабуға бағытталған және мыналарды: 1) ветеринариялық препараттарды; 2) ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау; 3) ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруды көздейдi. 3. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Ми­нистрлiк бекiтетiн жануарлардың аса қауiптi ау­руларының алдын алу және диагностикасы жө­нiндегi ветеринариялық iс-шаралардың 2011 жыл­ға арналған жоспарында (бұдан әрi – Ве­те­ринариялық iс-шаралар жоспары) көзделген iс-шараларға бөлiнедi. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге арналған қара­жатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді. 2. Эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi 5. Министрлiк республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бой­ынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәй­кес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспарының негiзiнде, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қала­ларының әкiмдерi арасындағы нысаналы ағым­дағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады. 6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқар­малары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен облыстың ауыл ша­руашылығы басқармасының бастығы арасын­да­ғы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм, төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржы­лан­дыру жоспары, сондай-ақ Ветеринариялық iс-шаралар жоспары негiзiнде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы транс­ферттердi аудандардың (облыстық маңызы қала­лардың) бюджеттерiне аударады. 7. Облыстардың, Астана және Алматы қа­ла­ларының ауыл шаруашылығы басқармалары ве­те­ринариялық препараттарды тасымалдау жөнін­дегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жө­нiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады. Астана және Алматы қалаларының ауыл ша­руашылығы басқармалары, аудандардың (облыс­тық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiм­дерi ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады. 8. Ветеринариялық препараттарды тасымал­дау Астана, Ақтөбе және Алматы қалаларында ор­наласқан франко-қоймалардан жүзеге асырылады. 9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқар­малары ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында ағ­ым­дағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспарына сай бөлудi жүзеге асырады. 10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (об­лыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi ветеринариялық препараттарды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң ветерина­рия­лық препараттарды қолдану жөнiндегi қызмет­тердi көрсетушiлер арасында ағымдағы ныса­на­лы трансферттердiң сомасын пайдалану бағытта­ры­на сәйкес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспа­рына сай бөлудi жүзеге асырады. 11. Облыстардың, Астана және Алматы қа­лаларының ауыл шаруашылығы басқар­мала­рын­да (бұдан әрi – басқармалар), аудандардың (об­лыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiнде орындалған жұмыстарды бағалау комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) құрылады. Басқармалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi (бұдан әрi – Бөлiм) Комиссияның жұмыс органдары болып табылады. 12. Ветеринариялық препараттарды тасымал­дау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды уа­қытша сақтау жөнiндегi, ветеринариялық пре­параттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi көр­сетушiлер Ветеринариялық iс-шаралар жоспа­рына сәйкес ай сайын жұмыстардың орында­луына қарай, бiрақ 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей Бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтердi бағалау актiлерiн; 2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн. 13. Бөлiм ай сайын құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей осы Қағиданың 12-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжат­тарды тексередi. Олар осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiм­де­рiне қарауға және ақы төлеуге ұсынады. 14. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада бел­гiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде сәйкес келмеу се­бептерiн сипаттай отырып, оларды ветери­на­рия­лық препараттарды тасымалдау, ветери­на­риялық препараттарды уақытша сақтау жөнiн­де­гi, вете­ринариялық препараттарды қолдану жөнiн­де­гi қызмет көрсетушiлерге пысықтауға қайтарады. 15. Көрсетiлген қызмет үшiн тиiстi қызметтер көрсетушiлердiң банктiк шоттарына қаржылай қаражат аударуды басқарма, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлiмi тө­лем­дер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы минис­трлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екі данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады. 16. Басқармалар министрлiкке ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, ал қаражат толығымен игерiлмеген жағдайда себебi көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының, пайдаланылуы туралы есептердi ұсынады. 17. Облыстардың, Астана және Алматы қа­лаларының әкiмдерi министрлiкке жарты жыл­дық­тың қорытындылары бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қоры­тындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы ке­лiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткi­зiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы қорытынды есептi ұсынады. 18. Министрлiк Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келiсiм негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыс­тық бюджеттерге, Астана және Алматы қала­ла­рының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы транс­ферттер­дiң аударылмағаны үшiн жауапты болады. 19. Облыстардың, Астана және Алматы қа­лаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнама­сына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферт­тер­дiң ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келiсiмге сәйкес пайдаланылмағаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жет­пегенi, алынған ағымдағы нысаналы трансферт­тердi пайдалану есебiнен қол жеткен тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi берме­генi үшiн жауапты болады. Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасына 1-қосымша Көрсетiлген қызметтердi бағалау актiсi __________________________                                           20__ж. «__» __________ (облыс, аудан, елдi мекен) __________________________________________________ құрылған комиссия, (Комиссияның кiмнiң шешiмiмен құрылғаны, шешiмнiң күнi және нөмiрi көрсетiлсiн) құрамында: Комиссия төрағасы,________________________________________ (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы) Комиссия мүшелерi,___________________________________________________ (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы) сондай-ақ 20__ж. «__» _________ № _____________________ сенiмхатқа сәйкес __________________________________________ мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi (қызметтер көрсетушiнiң толық атауы) __________________________________________ мынадай қорытынды жасады: (Т.А.Ә.) Қызметтердiң толық атауы Көрсетiлген қызметтiң қысқаша сипаттамасы Өлшем бiрлiгi Көрсетiлген қызметтердiң көлемi Бiрлiк бағасы (теңге) Сомасы (теңге)   Көрсетiлген қызметтердiң қосымша сипаттамасы: ____________________________________________________________________ (атап шығыңыз) Көрсетiлген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз). __________________________________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы _______________________ (Т.А.Ә., қолы) Комиссия мүшелерi _______________________ (Т.А.Ә., қолы) Қызметтер көрсетушiден _______________________  (Т.А.Ә., қолы) Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасына 2-қосымша Көрсетiлген қызметтердiң актiсi __________________________ 20__ ж. «__» ___________ (облыс, аудан, елдi мекен) Бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ______________________________ (мекеме атауы) атынан 20___ ж. «__» _________ № ____________ бұйрығы негiзiнде әрекет ететiн _______________________________________ және бұдан әрi «Қызметтер (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) көрсетушi» деп аталатын _______________________________________ атынан (қызметтер көрсетушiнiң толық атауы) 20__ж. «__» ______ № _______ Жарғы (сенiмхат) негiзiнде әрекет ететiн ____________________________ 20__ж.«____» ______ көрсетiлген қызметтердi (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) бағалау актiсiне сәйкес төмендегi туралы осы Актiнi жасады. Қызметтер көрсетушi оның және Тапсырыс берушiнiң арасында жасалған 20__ж.«____» _________ № _________________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтердi көрсеттi:   Қызметтердiң толық атауы Көрсетiлген қызметтiң қысқаша сипаттамасы Өлшем бiрлiгi Көрсетiлген қызметтердiң көлемi Бiрлiк бағасы (теңге) Сомасы (теңге)   Көрсетiлген қызметтердiң қосымша сипаттамасы: ____________________________________________________________________ (атап шығыңыз) Көрсетiлген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) ___________________________________________________________________________________________________ 1. Алынған тауарлардың жалпы құны _____________ 2. Аванс сомасы _____________ 3. Бұрын актiленген сомасы _____________ 4. Төлеу керегi _____________ Тапсырыс берушi үшiн Қызметтер көрсетушi үшiн ____________________________ ___________________________ (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) ____________________________ ___________________________ (қолы, мөртаңбасы) (қолы, мөртаңбасы)