Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасының кезектен тыс болған президенттік сайлауының қорытындысын жариялады.
Сайлауға дауыс беру құқы бар 9 200 298 азаматтан тұратын электораттың 8 279 227-сі қатысқан. Яғни, барлық сайлаушының 89,98 пайызы дауыс берді, деді төраға. Президенттікке кандидат болғандарға дауыс беру нәтижесі төмендегідей болып бөлінді:
барлық сайлаушының Нұрсұлтан Назарбаевқа – 95,55, Ғани Қасымовқа – 1,94, Жамбыл Ахметбековке – 1,36, Мэлс Елеусізовке – 1,15 пайызы дауыс берді.
Сайлау процесіне барлығы 30266 байқаушы қатысты. Соның 9417-сі кандидаттардың сенімді өкілдері, 1212-сі шетелдік байқаушылар мен журналистер, 12828-і саяси партиялардың, 6212-сі қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ, 597-сі қазақстандық БАҚ өкілдері болды.
Сайлау үдерісі барысында Орталық сайлау комиссиясына ешқандай шағым болған жоқ. Ал облыстар мен Астана және Алматы қалалық комиссияларына азаматтар 8 рет қайрылған. Олардың өтінімдері дер кезінде қаралған.
Жақсыбай САМРАТ.