• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

«Баламасы жоқ беделді тұлға»

532 рет
көрсетілді

Саяси ғылымдар докторы, «Еуразиялық қоз­ға­лыстың» жетекшісі Александр Дугин посткеңестік кеңістікте Қазақстан өзінің мемлекеттік үлгісін аса табысты орнықтыра білді деп есептейді. Оның сөзіне қарағанда, Грузия қауқарсыз мемлекет. «Украинаның, Ресейдің, Бе­ло­руссияның көзқарастары түрлі болуы мүмкін, мәрте­белері туралы да әртүрлі ай­туға болады. Бірақ, егер пос­т­­кеңестік кеңістігінде өзінің мемлекеттік үлгісін талас­сыз қалыптастырған, ол – Қазақстан», деп мәлімдеді Александр Дугин «Актуаль­ные комментарии» басы­лы­мы­на берген сұхбатында. Бұл мемлекет өзінің тиімділігін және өзінің өміршең­дігін дәлелдеді. Сарапшының пікірінше, қазақ қоғамы өзінің Орта­лық азиялық қоғамда жаңар­ған­дығын, озықтығын, бай­лы­ғын, технологиялығын және еуропалық стандартқа сәйкестігін табысты айғақ­та­ды. Екінші жағынан Қа­зақ­станның этностық, діни және мәдени ерекшелігін есепке ала отырып, айқын, сондай-ақ ашық деңгейдегі принципін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жерде біз Назар­баевтың басшылығымен эт­нос­аралық тепе-теңдік моделі алға шыққанын көріп отырмыз, деді әрі қарай са­рап­шы. Қазақ ұлтының бас­тауынан, басқа этностардың қазіргі заманғы Батысқа деген ашықтығы көрінеді. Бұл көрініс Назарбаевтың қайта сайлануымен елдің табыс­тары­нан куә етеді. Оған мұ­найы мен табиғи ресурс­тары­ның молдығы қосыла келіп, ең бастысы, халықтың өз жетекшісіне деген шы­найы сенімі қосылды. Сон­дықтан аталған осы көзірлер Қазақ­станды және оның Көш­бас­шысын әлемге мой­ын­датты. Сарапшының атап өтке­нін­дей, 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың бас кезіндегі қиындықтар­дан, сондай-ақ көрініс беруі мүмкін этносаралық қақ­ты­ғыстардан Н.Назарбаев елді оған ұрындырмай алып шық­ты. Дугиннің сөзі бой­ынша, егер Қазақстан бас­шысының ұстанған саяси бағытының сол кезде-ақ дұ­рыстығы болмағанда, Қазақ­станда этносаралық кикіл­жіңдер, ұлтаралық қайшы­лық, әлеуметтік теңсіздік орын алуы мүмкін еді. Қа­зақстан Президенті осыны бастапқы кезде-ақ анық болжап, өзінің салиқалы саяса­тының нәтижесінде бұған жол бермеді. Қазақтар бұл қоғамда 20 жылдан бері тыныштықта өмір сүріп келеді, деп жал­ғастырады сөзін сарапшы. Назарбаев өз мемлекетінің кемесін дұрыс басқарып келеді. Қазақстан Кеңестер Ода­ғының тұсында бүгін­гі­дей өркендей алмады. Ал қазіргі кезде бұл елдің эко­номикалық даму қарқынын, саяси тұрақтылығын көрші­лері Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен салыс­ты­руға мүлде келмейді. Осы жетістіктердің барлығын бұл елдің Президентінің көре­ген­ділігімен байланыс­тыр­ған жөн. А.Дугиннің пікірінше, қазақтар оның басшысының тиімді әрекет етуінің нәти­жесінде барлық қиындық­тар­ды артқа тастады, бар­лық қатерлерден немесе қауіптерден айналып өтті. Сондықтан да Қазақстан аза­маттарының басым көп­ші­лігі өз Көшбасшысына дауыс берді. Сондай-ақ қа­зақ­стандықтар өз өмірлері­нің әрі қарай жақсаруына өз таңдауларын жасады. Бұл сайлау қазақстандықтардың ауызбірлігін әлем жұртшы­лы­ғына тағы бір көрсетіп берді. Президент Назарбаев­тың әкімшілігі елдегі саяси партияларды, саясаткерлерді, үкіметтік емес ұйым­дар­ды қолдап отырды. Қазақ­станда Назарбаев демокра­тия­лық, әлеуметтік балама­сы жоқ беделді тұлға екендігін тағы дәлелдеді. «Актуальные комментарии» хабарлағанындай, өт­кен жексенбіде Қазақстанда президенттік сайлау өтті. Орталық сайлау комиссия­сы­ның алдын ала жасаған мәліметтері бойынша, Қа­зақ­станның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Сайлау­шы­лардың дауы­сы мынадай болып бө­лінді. Жамбыл Ахметбековке сайлаушы­лар­дың 1,4 пайызы, Мэлс Елеусізовке 1,2 пайызы, Ғани Қасы­мов­қа 1,9 пайызы, ал Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушы­лардың 95,5 пайы­зы дауыс берді. Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлауды тарихи оқиға деп бағалады.

«Актуальные комментарии».