• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Жеңісіңізбен! Жеңісімізбен!

422 рет
көрсетілді

Қазақстанның ғылыми қауымдастығының президенттік сайлау қорытындыларын қолдаған мәлімдемесі Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің болып өткен  сайлауы адам­дар­дың Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Н.­Ә.Назар­баев­тың тұл­ғасына деген құр­­меті мен сенімінің тағы бір кезекті айғағына айналды. Қазақстанның табыста­ры Мемлекет басшысының есімімен тығыз байла­ныс­ты. Оның стратегиялық болжамының, сындарлы да ойлас­ты­рылған саясаты­ның арқасында 20 жыл ішінде көптеген көрсеткіштер бойынша Орталық Азияда көш бастаған жаңа, экономикалық дамыған мемлекет құрылды. Ұлт Көшбасшысының саясаты әр кезде де мемлекеттің бо­ла­шақ өркен­деуі­нің басты шарты болып табылатын – ғылым мен технологияларды дамы­ту­ға бағдарлан­ған­дық­тан Н.­Ә.На­зар­баев­тың сай­лануы ғалымдардың шығар­ма­шы­лық бастамасына қанат бітіреді. Президенттің ғылыми-техникалық саланы жетілдіру туралы идеялары зерт­теушілердің инновациялық шығар­ма­шылығын жүзеге асыруының және елдің индустриялық дамуындағы серпілісті қамтамасыз етудің ықпалды құ­ралына айналған «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының жаңа за­ңын­да көрініс тапқан. Қазақстан ғалымдары Ұлт Көш­басшысының басшылығымен Қазақ­стан ғылымының жаңа биіктерге жетіп, ғылыми жетістіктердің әлемдік қазы­на­сынан лайықты орын алатынына сенімді. Біз, Қазақстанның бүкіл ғылыми қауымдастығы атынан Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы Назарбаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтаймыз және Отанымыздың өркендей беруі үшін болашақта да оның отандық ғылымды дамыту жөніндегі саясатына қолдау білдіретінімізді жеткіземіз. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері: Мұрат ЖҰРЫНОВ, Салық ЗИМАНОВ, Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, Сұлтан САРТАЕВ, Меруерт ӘБУСЕЙІТОВА, Серік ҚИРАБАЕВ.   Еліміз ертеңіне сенім мол Қазақстан жазушыларының мәлімдемесі Қазақстандықтар кезектен тыс өткен президенттік сай­лауда лайықты таң­дау­ын жасады. Халық өзінің бо­лашақ тағдырын Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевпен тікелей байланыстыраты­нын та­ғы бір дәлелдеп берді. Біз, еліміздің қаламгер­лер қауымы, ақын-жазушылар бұл ма­ңызды саяси до­даны мұқият қадағалап қана қой­ға­ны­мыз жоқ, Қазақстан та­рихын­дағы Ел­ба­сының ерен тұлғасын, әлем таныған қай­раткерлік болмысын және бола­шақ­тағы атқаратын істерін қа­лың оқыр­манға жеткізуге тырыстық. Сол арқылы халықтың өз қалауын дұ­рыс таңдауына мүмкіндігінше ықпал етуге күш салдық. Елдегі әрбір саяси-әлеуметтік, эко­но­микалық, мәдени реформаларды жіті бақылап отыратын ұлт зиялылары – ха­лықтың бұл таңдауын мемлекет тағды­рына және ел мүддесіне деген адалдығы деп бағалайды. Ұлты­мыз­дың кемел  келешегі  жо­лы­н­да жасалған ірі саяси қадам ретінде ұғынады. Сайлау заң талап­тарына және ха­лық­аралық ережелерге сай ашық, жария әрі әділетті өткенін атап өткіміз келеді. Қай қоғам болсын қиындықсыз, кедергісіз алға басқан емес. Біз де жаңа құрылып жатқан мемлекет ретінде әлем­дік деңгейдегі саяси талап-тілек­тердің үдесінен біртіндеп шығып келеміз. Осындай жауапты кезеңде Қазақ­станды өзінің тарихи Отаны санайтын өзге этнос өкілдері үлкен бауырмалдық танытып, ауызбіршілік көрсете білді. Сөйтіп, күллі қазақстандықтардың бұл саяси шешімі – ел ішінде орныққан келісім мен татулықтың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл – тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихында елдегі сайлау мәдениетінің жоғары деңгейге көтерілгенін айғақ­тайды және осы таңдау жаңа дәуірдің жарқын беттері болатыны сөзсіз. Азаттық жолында сан ғасырлар аттан түспей, күреспен өткен ұлы баба­лар­дың аңсаған арманына халқын Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев жеткізді. Қазақ елін әлемдегі іргелі мемле­кет­тер­дің қатарына қосып, шекарамызды шегендеп берді. Бүгінде респуб­ли­камыз­дың өзге елдермен терезесі тең өрке­ниетті мемлекетке айналуын бүкіл әлем Елбасының есімімен тікелей бай­ланыста қабылдайды. Алдағы кезеңде де еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығымен көркейіп, гүл­дене беретініне сеніміміз кәміл! Нұрлан ОРАЗАЛИН, Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ,  Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ,  Қалихан ЫСҚАҚОВ, Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, Шерхан МҰРТАЗА, Марфуға АЙТХОЖИНА, Әкім ТАРАЗИ, Ахметжан АШИРИ, Валерий МИХАЙЛОВ.   Қазақстандағы республикалық этномәдени бірлестіктердің президенттік сайлау қорытындыларын қолдаған мәлімдемесі Үстіміздегі жылдың 3 сәуіріндегі кезектен тыс президенттік сайлауда Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Пре­­зидент және Тәуелсіз Қазақстанның негізін қа­лау­шы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев салтанатты жеңіске жетті. Бұл өткен сайлау Президенттің Қа­зақ­стан халқының әл-ауқаты мен өр­кен­деуіне бағытталған саяси және эко­но­микалық бағытына бүкілхалықтық қол­дау­ды іс жүзінде және салмақты түрде бейнелеп берді. Елдегі этномәдени бірлестіктер сайлау қорытындыларына өз қолдауын білдіріп, Нұрсұлтан Әбішұлын Мемлекет басшысы лауазымына сайлануымен құт­­тықтайды. Сайлаудың нәтижелері объективті және заңды, халықтың көпшілігінің ерік-жігерін бейнелейді және  қазіргі Президенттің бас­шы­­­лығымен қол жеткізілген еліміздің ішкі және сыртқы саясатындағы талассыз та­быстармен негізделген. Біздің елімізде этностардың, мәде­ниеттер мен түрлі діни сенімдегі адам­дардың бейбіт өмір сүруінің бай тәжі­ри­бесі жинақталған. Осынау ерекше тә­жірибе біздің бірлігіміздің түп тамырын айқындайды. Жүргізіліп отырған саясат Қазақстанда тұратын барлық этнос­тардың дәстүрлерін, мәдениеті мен тілдерін қайта жаңғыртып, дамыту үшін жағдайлар туғызды. Сайлау нәтижелері Қазақстан хал­қының бірлігіне, негізінде тәуелсіздік, еркіндік, тұрақтылық пен толеранттық жатқан базалық қазақстандық құн­ды­лықтарға деген адалдығын сенімді түрде дәлелдейді. Өз жауапкершілігін, Қазақстан үшін сайлаудың маңызын сезіне отырып, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері елдің бүкіл облыс орталықтарында «Біз – Қазақстан халқы» атты Президентті қолдаудың жалпы республикалық электоралдық акциясын өткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдай отырып, біз халықтың басым көпшілігінің саяси ерік-жігерін бейнеледік, өзіміздің ұлт­тық ынтымағымызды көрсеттік, халық бірлігін нығайттық. Біз өз тағдырымызға еркін таңдау жасадық. Біз оның мемлекеттің болашақ тұ­рақты дамуы үшін, елдің әлемдегі бәсе­кеге қабілеттілігін арттыру үшін, біздің халқымыздың әл-ауқаты мен өркендеуі үшін қажет екеніне барынша сенімдіміз.   «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының президенттік сайлау қорытындыларын қолдаған мәлімдемесі «Атамекен» одағы» ұлт­тық экономикалық па­ла­тасы болып өткен президенттік сайлауға өзінің қолдауын білдіреді. Мемлекет басшысының мақ­сатты бағытталған сая­са­ты­ның арқасында елде нарық­тық эко­но­мика қа­лып­тасты, отан­дық биз­несті да­мы­ту үшін жағдайлар  жасалып, жетілдірілуде. Қазірдің өзінде Қа­зақ­стан экономикасының бә­се­кеге қа­бі­леттілігін арт­ты­руға жағдай жасаған Мемлекеттік үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Неғұрлым қолай­лы бизнес-ахуал көрсеткіші бойынша біз әлемде 59-шы орын аламыз! Біздер, бизнес өкілдері, сөзсіз, Қазақстанның бүкіл табыстарын Мемлекет басшысымен, оның кемеңгер де бірізді саясатымен байланыстырамыз. Оның басшылығымен қабылданған экономикаға инвестициялар тарту, заңнамаларды жетілдіру жөніндегі шаралар саламатты бизнес орта құруға, Қазақстан азаматтарының материалдық әл-ауқатын арттыруға жағдай жасайды. Біз ел Президентін сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтаймыз және оған экономикалық өсімді нығайтуда одан әрі табыстар тілейміз.   Қазақстанның Азаматтық альянсының президенттік сайлау қорытындыларын қолдаған мәлімдемесі Өзінің қатарына елдің барлық өңірлеріндегі 480-нен астам үкіметтік емес ұйым­дар­ды біріктіретін Қазақстанның Азаматтық альянсы үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде өткен кезектен тыс президенттік сайлау қорытындыларына өзінің толық қолдауын білдіреді. Біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты сай­лаудағы сенімді же­ңі­сі­мен құттықтаймыз әрі де­мо­кра­тиялық және өркен­де­ген мемлекет құрудағы оның көпқырлы қыз­метіне одан әрі табыстар тілейміз. Демократиялық қоғам орнату Тәуелсіз Қазақстан­ның 20 жыл­дық дамуын­да­ғы ең басты заңды жетістіктердің бірі болып табылады. Өз қатарына 2 миллионнан астам қа­зақстандықтарды біріктірген үкіметтік емес сектордың дамуы оған айқын айғақ. Сайлау қатаң түрде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өтті. Барлық кан­ди­даттардың саяси бәсекелестігі үшін бірдей жағдайлар туғызылды. Элек­торат­тың жоғары белсенділігі халықты елді басқаруға іс жүзінде тартудың және оның жоғары саяси мәдениетінің ай­ғағы болды. Сайлау Қазақстанда де­мо­кратиялық және құқықтық мемлекет құру жолындағы кезекті де маңызды қадам болды. Қазақстанның Азаматтық альянсы өзінің мемлекетпен одан әрі де сындарлы қызметтестікте болу жөніндегі берік ниетін мәлімдейді   Жастар ұйымдарының президенттік сайлау қоры­тын­­дыларын қолдаған мәлімдемесі Біздер, Жастар кон­гре­сі­нің, Студенттер альян­сы­ның, «Жасыл ел» рес­пуб­ликалық штабының, Жұ­мыс­шы жастар одағы мен Ауыл жастары одағының өкілдері өзі­міздің Қазақ­стан Республикасының кезектен тыс пре­зи­денттік сай­лауы­ның қо­ры­тындыларына қол­дау білдіретінімізді мәлімдейміз. 2011 жылдың 3 сәуірінде жүз мың­да­ған жас қазақстандықтар қазіргі Мемлекет басшысы Н.­Ә.На­зар­баевқа өз дауыс­тарын сеніммен берді. Ұлт Көшбасшысының, Қа­зақ­стан Республика­сы­ның Тұң­ғыш Прези­де­н­ті­нің мемлекеттілікті одан әрі нығайту, ырғақты әлеу­меттік-эко­но­микалық реформалар жүр­гі­зу және Қа­зақстан­ның әлемдік аре­надағы беделін нығайту жөніндегі асқақ жоспарлары ел жас­тары­ның арасында іс жүзінде қол­дау табуда. Қоғамда болып жатқан үдерістерге деген өз жауапкершілігін сезіне оты­рып, ел жастары өз таңдауын жасады. Біз тұрақты, біртұтас және өр­кен­деген Қазақстанды қолдаймыз! Қазақстан жастары бүкіл прогресшіл жұртшылықты елдің 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жос­пар­ы­ның басымдықтарына қол жеткізу үшін өз күш-жігерлерін бағыттауға ша­қырады. Бәріміз біріксек күшпіз, бәріміз бірігіп Қазақстанбыз! Президентпен бірге, алға!