• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №176

396 рет
көрсетілді

2011 жылғы 24 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 318-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесінде: 4 және 5-тармақтардағы «Тұңғыш Президенті» деген сөздер «Тұңғыш Президенті – Елбасы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан  Республикасының  Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.