• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Жаңа жабдық жеткізілді

374 рет
көрсетілді

Жуырда «Қазгидромет» РМК ауа райының өзгерісін нақты болжайтын жаңа жабдықты іске қоспақ. «Қазгидромет» РМК климаттық өзгерістерді болжау және модельдеуге арналған жаңа жабдыққа БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы арқылы ие болып отыр. Мұндай ең соңғы инновациялық жабдықты қолдана отырып, ел климатологтары Қазақстан үшін климат өзгерісінің сценарийін және нақтыланған үлгісін жасап шығара алады. Жаңа құрал күтіліп отырған климат өзгерісінің барысын барын­ша нақты есептеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан үшін болжам жасаудың халықаралық стандарттарын бейімдей, метеорология, агрометеорология, гидрология, экология секілді түрлі секторлар үшін тәуекелділік картасын жасақтай алады. БҰҰ даму бағдарламасының «Қазақстандағы климаттық тәуелсіздік» жобасы бойынша үйлестірушісі Жанар Есенованың айтуынша, Қазақстанның ауа райы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Экономиканың маңызды салалары ауыл шаруашылығы, энергетика, су ресурстары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы уақытымен берілетін метеорологиялық болжамдарға тәуелді. Міне, осы жағдайда БҰҰ ДБ ұсынып отырған ауа райының өзгерісін дәлдік­пен болжайтын жаңа жабдық арқылы ел климатологтары қауіпті сел тасқындары, дауыл, көшкін, тасқын су секілді табиғат апат­та­рын жүйелі түрде нақты болжай алу мүмкіндігіне ие болады. Басқаша айтсақ, экономикаға тиетін зардабы мен адам өміріне қауіп төмендейді. Жаңа құралды әкелу Қазақстан метеоқызметінің техникалық әлеуетін күшейту мақсатында жүзеге асырылды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.