Қорғаныс министрінің орынбасары Әсет Құрманғалиев контр-адмирал Арно де Тарле бастаған Франция Қорғаныс министрлігі Жоғары әскери зерттеулер орталығының тыңдаушыларымен кездесті.
Кездесу барысында министрдің орынбасары шетелдік делегацияны ҚР Қарулы Күштеріндегі маңызды үдерістерден құлағдар етті. Меймандарға министрліктегі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері Қазақстан әскері, ондағы әскери білім беру жүйесі және аймақтық қауіпсіздік туралы брифингтер өткізді.
Кездесу екі ел арасындағы 2011 жылғы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Оксана ПАРПУРА.