• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Әкімшілік айыппұл төлемегендер қамауға алынуы мүмкін

529 рет
көрсетілді

Астана қаласы ішкі істер департаментінің қызметкерлері 2016 жылдың қорытындысы бойынша 374 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған, соның ішінде әкімшілік істер бойынша 2 млрд теңгеден астам соманың айыппұлдары түрінде қаулылар шығарылған. Қазіргі уақытта елордада әкімшілік айыппұлдарды төлемеушілерді анықтау және тәркілеу бойынша рейд шаралары жүргізілуде. Әкімшілік айыппұлдарын ерікті түрде төлемеген құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 669 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалады. Сот үкімін, сот шешімін немесе басқа сот актін және орындау құжатын елемегені және орындамағаны үшін бес тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Елорданың Мамандандырылған әкімшілік сотында алғашқы сот процесі өтіп, әкімшілік айыппұлдарын өтемегендерге қамауға алу жазасын қолдану туралы шешім шығарды,  ал бұрын аталған құқық бұзушылық үшін айыппұл түрінде санкция қарастырылатын. Елорда ІІД әкімшілік полициясының қызметкерлері ҚР ҚК 430-бабына сәйкес, борышкердің заңды күшіне енген үкімді, сот шешімін немесе басқа сот актін немесе орындау құжатын алты айдан артық уақыт бойы орындамау 3-5 жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Соңғы жаңалықтар