• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Еліміздің кей жерлеріне қар жауып, тұман түседі

317 рет
көрсетілді

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты көп жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейіп, бұрқасын болады. Тек еліміздің солтүстік шығысында ғана қар жаумайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Желдің күші секундына 15-23 метрге жетеді. Қостанай, Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел тұрып, Қостанай облысында тұман болады. Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы облысында көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Соңғы жаңалықтар