• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Өзбекстанда ресми сапармен болды

326 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Өзбекстан Республикасында ресми сапармен болды, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Делегация құрамына Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы Төр­а­ға­сының орынбасар­лары Е.Л.Тоғ­жанов, Р.С.Хал­му­радов, ҚХА Ғылыми-сарап­шы­лық кеңе­сі төрағасының орын­басары, Қа­зақстан Прези­денті жанын­дағы Мемле­кеттік қызмет акаде­миясы Ор­талық Азия өңірін­дегі этно­с­аралық және конфес­сия­­аралық қатынастарды зерт­теу орталығының басшысы А.К.Сә­дуақасова, Қазақ­стан өзбек­тері «Дустлик» қау­ым­­­дас­тығы­ның төр­ағасы И.А.Хашим­жанов, Оң­­түс­­тік Қазақстан облысы мәс­лихатының депутаты Б.И.Ны­­­шанқұлов, сондай-ақ «Қа­зақстан корейлерінің қауым­­­дастығы» ҚБ, «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орта­лығы» ҚБ, «Қазақстан ұйғыр­лары­ның рес­публикалық мәдени орталығы» ҚБ өкілдері кірді. Делегация Өзбекстан Рес­­пуб­­ликасы Парламенті Заң шы­ғару палатасы спикері­нің орынбасары Б.Алиха­нов­пен, Өзбекстан Рес­пуб­ликасы Парламент Сена­ты төрағасының бірінші орын­басары С.Сафаевпен, Өзбек­стан Республикалық интер­на­ционалдық мәдени орталығының директоры Н.Мұхаммадиевпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимыл жасауының өзекті мәселелері, қоғамдық келісім мен түсіністікті қамтамасыз ету, азаматтық бі­ре­­гейлікті нығайту тәжірибесі қара­лып, ынтымақтастықтың жаңа қырлары, сондай-ақ Қазақ­­стан халқы Ассамблеясы мен Өз­бек­стан Республикалық интерна­цио­налдық мәдени орта­лығы арасында меморан­думға қол қою ниеті туралы сөз болды. Өзбекстандағы Қазақ ұлт­тық мәдени орталығының бас­­шы­лығымен және белсен­ді мүше­лерімен кездесу сапардың негізгі іс-шаралары­ның біріне айналды. Оның соңында Қазақстан халқы Ас­самблеясынан сый – ком­пьютерлік техника мен қа­зақстандық авторлардың қазақ мәдениетіне, қоғамдық келісім мен бірлікке арналған кітаптары табыс етілді. Өзбекстанның этномәдени бірлестіктер өкілдері мен сарапшылары ҚХА делега­ция­сының мүшелерімен өткізген дөңгелек үстелде оларға Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жал­пы­ұлт­тық бірліктің қазақстандық моделі таныстырылды, сондай-ақ «Қазақстан-Өзбекстан» дос­тық қоғамын құру туралы уағ­­даластыққа қол жеткізілді. Ын­ты­мақ­тастық бойынша бір­­лескен ғылыми-зерттеу және ағар­тушылық жобаларды дамыту, шекара бойындағы ынты­мақ­тастық, әдебиет алмасу, екі ел жастарына арналған іс-шара­лар өткізу бөлігінде нақты ұсыныстар жасалды.
Соңғы жаңалықтар