• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

«Құттықтайды қазақ елі, ұл-қызы!»

615 рет
көрсетілді

Еліміздің бас сайлауы өтті. Ұйымшылдықпен өткен бұл сайлауда халқымыз саналы түрде өз қалауларымен еліміздің Президентін таңдап алды. Мен осы мақала арқылы қайтадан Елбасы боп сайланған Нұрсұлтан Әбішұлын және де ел азаматтарын тұтас ел болып береке-бірлікке бетбұрыс жасаған қадамдарымен құттықтағым келеді. Мынау әлемде өтіп жатқан дүрбелең қозғалыстар кезеңінде ұйымшылдықпен, саналы түсіністік­пен өткен бұл сайлау қазақстандықтардың азаматтық дәрежесінің көрсеткішіндей болды. Сайлауға белсене қатысу еліміздің елдігінің, азаматтары­мыздың азаматтығының көрсеткіші. Осы сайлау елімізді еңселендіре, біріктіре, бауырластыра түскен секілді. Бірлік-берекемізді арттыра түскен секілді. Бұл құбылыстың Қазақ елінің беделін әлемге паш етері ақиқат. Әр адамның сайлауға қатысуы өзінің осы ел азаматы екендігіне деген сенімінің оянуы! Ел болашағы үшін өз үлесін қосуы. Мен өзіміз дауыс берген сайлау учаскесіндегі жағдайға қарап, көрсеткіштің өте жоғары болғандығына көзім жетті. Кеудемді қуаныш сезімі биледі. Ортақ жеңісіміз құтты болсын, отандастар! Еліміздің береке-бірлігін өз қолымызбен, өз ісімізбен осылай өркендете берейік! Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен Сізді осы жүрек-жарды ма­қала арқылы Елбасы боп қайта сайлануыңызбен құттықтап, «Ел аманаты» атты ауыр міндетті бұрынғыша абыроймен ат­қа­ра беруіңізге шын жүректен тілектес екенімізді білдіргіміз келеді. Еліңіздің де, өзіңіздің де жеңісіңіз құтты болғай, жемісті болғай! Құттықтау ретінде Сізге арнап жазған өлеңімді жолдаймын! Байтағымның бақытына жаралған – Тапқан ұлы қазекемнің бір қызы! Қазақ аты Нұрсұлтан деп таралған, Бар әлемге нұр шашады жұлдызы!   Байтақ далам жасыл баққа бөленді, Жалғыз ағаш орман екен, көрдік біз! Қамсыз елім, қамал салмай қорғалды, Жалғыз адам қорған екен, сездік біз!   Аз жұртыңды теңестірген Қытаймен Бір қазақты мыңға балап, өзіңсің! Ұтып келген қарсыласты ұпаймен, Алла берген қазағыма төзімсің!   Елің болжап болашағын Сізбенен, Құттықтайды жеңісімен Жалғызын! Ұрпағынан ұлылықты дәметіп, Нұргүлім дер, Нұрсұлтан дер ұл-қызын!   Мақтанамыз кісілікті сезініп, Қарап қалды Еуропа аузыма! Болмаған бақ қазағыма кезігіп, Сенім таптық алатындай тау бұза! Шаңы шықты, артта қалған жаяудың, Үні шықты арқаңызда жалғыздың! Дейді жұртың, Тәңір берген, аяулым, Ғарыштан да елге сәлем салғыздың! Әр қадамың құт әкелгей еліңе, Құттықтайды Қазақ елі, ұл-қызы! Билік айтқан Еуразия төрінде, Жаса! Жаса! Қазағымның Жалғызы! Сайын НАЗАРБЕК, сәулетші, ақын, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері,  Шығыс Қазақстанның Абай ауданының, Атыраудағы Махамбет ауданының құрметті азаматы. Ақтау.