• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

АҚШ-та Уинстон Черчиллдің жатпланеталықтар туралы эссесі табылды

413 рет
көрсетілді

АҚШ-тағы Уинстон Черчиллдің ұлттық музейінде Британияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчиллдің жатпланеталықтардың болуы мүмкін екені туралы 11 беттік эссесі табылды, деп жазады BBC.

1939 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында, Черчилль "Ғаламда біз жалғызбыз ба?" деген тақырыппен эссе жазған екен. Кейін 1950 жылдары қайта түзеткенімен, туынды сол қалпы жарияланбай қалған.

"Бұл эссені жарияласақ тамаша болар еді. Бірақ авторлық құқық мәселесі оған қайшы келеді. Дегенмен, адамзат үшін өте маңыздылығын ескерсек, көпшіліктің игілігіне эссені жариялауға болар еді", - дейді израильдік астрофизик Марио Ливио.

Үкімет басқарып тұрған кезінде-ақ Черчилль зерттеу жұмыстарына ерекше қызыққан екен. Ол тарихта алғаш рет ғылым мәселесі бойынша кеңесшісі болған Британия премьер-министрі.

Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары үкімет басшысы ғылымға ерекше мән беріп, ғылымды қаржыландыруды көбейткені белгілі.

Фултондағы музей қызметкерлерінің мәліметінше, эссе бұл жерге 1980 жылдары келген.

Бір қызығы, ғылымда жатпланеталықтардың болуы мүмкін деген тұжырымдама осы эссе жазылғаннан жарты ғасыр кейін шыққан. "Жақын болашақта тек Айға ғана емес, сонымен қатар Шолпан жұлдызы мен Марсқа да сапар шегетін мүмкіндік туады", - делінген эсседе.