• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Сәуір, 2026

Сенатор Моңғол елшісімен кездесті

20 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі дипломатиялық миссиясы аяқталған Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дорж Баярхуумен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығының пар­ламенттік байланыс жөніндегі ара­­лық қорытындылары шы­ғарыл­­ды. Кейінгі жылдары екі ел ар­асындағы өзара іс-қимыл жаңа дең­гейге көтерілгені атап өтіл­ді. Тараптар пар­ламент­ара­лық дипломатияның қарқын ала түс­кенін айта келіп, сая­си диалогтің нығайғанына және жоғары деңгейдегі бай­ланыстардың тұрақты сипатына назар аударды.

Сауда-экономикалық және мә­дени-гуманитарлық ынтымақ­тастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің ма­ңыз­дылы туралы да айтылды. Қаты­­су­шы­лар бірлескен бірқатар іс-шара­­ның табысты іске асып келе жат­қанына тоқталды, халықаралық және көп­жақты алаңдар аясындағы тиімді ынты­мақтастық туралы әңгіме өрбітті.

Елші өзінің дипломатиялық миссиясы кезеңінде көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қарым-қаты­нас деңгейіне жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар