• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Қытайда әлемде алғаш рет бір уақытта мың дрон ұшты (видео)

552 рет
көрсетілді

Гуанчжоудың Гундан провинциясында жыл сайын өтетін шамдар фестивалінде Ehang компаниясының мамандары бір уақытта мыңнан артық дрондарды аспанға ұшырды. Олардың барлығын бір инженер біріктірілген пульт арқылы басқарды, деп хабарлайды Global Times.

Бір айта кетерлігі, пилотсыз ұшатын аппараттар осы шара барысында алты түрлі күрделі формация орындаған. Мамандардың айтуынша, көп топтан тұратын дрондарды бір уақытта басқару алгоритмі күрделі болғандықтан, осы күнге дейін тек жүзден артық аппараттарды ғана басқару мүмкіндігі болған. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Пентагон мамандары 100 пилотсыз ұшатын аппараттарды бір жасанды интеллект арқылы басқарып ұшырған болатын. Ол кезде 103 дрон екі түрлі ұшақтан басқарылып, кейін бір топқа біріктірілген еді. 2017 жылдың соңына дейін Пентагон осы тәжірибені 1000 дронмен қайталап көрмек.
Соңғы жаңалықтар