Рейнхарт РУГЕ,
сенатор (Мексика).
*** Қазақстандағы қымбатты достар! Сіздермен Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтадан сайланғаны туралы қуанышымды бөлісуіме рұқсат етіңіздер! Бұл сайлау демократиялық басшылықтың – сіздердің елдеріңіздің азаматтары қуаттап бергеніндей, демократия синтезі мен мәдени иерархияның табыстарын нақты айқындады. Біз сондай-ақ қазақ халқын құттықтай отырып, өздеріңіздің бірліктеріңізді қуаттап берген осы ұлы табыс Президенттеріңіздің күш-жігерінің арқасында ондаған жылдар бойы бейбіт жағдайда Қазақстан Республикасындағы барлық халықтар мен этностардың бірлігі үшін ынталандырушы үдеріс болсын деп тілейміз. Біз сонымен бірге 1992 жылдан бері талқыланған тұжырымдамалар мен идеялардың кейбірі тәжірибеге енгізіліп, сіздердің ұлы елдеріңіздің төңірегінде болып жатқан көптеген жағдайлар мен тәртіпсіздіктерге қарамастан, ондаған жылдар бедерінде Қазақстанда бейбіт, үйлесімді, әлеуметтік құрылымдар мен ынтымақтастықты сақтауға көмектескенін атап өтуге де өте қуаныштымыз. Жер бетінде әркез бейбітшілік салтанат құрсын! Сіздердің халқыңызға бақыт пен игілік тілеймін!Вилли АВГУСТАТ,
«Бейбітшілік арқылы мәдениетке» халықаралық қауымдастығының
президенті.