Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет, үкімет басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтаулар келіп түсуде
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Сильвио Берлускони құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Аса құрметті Президент, қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы,
Сізді Қазақстан Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сайлаудың нәтижесі – Қазақстан халқының Сізге деген жоғары сенімі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Сізге қазақстандықтардың игілігі жолында табысты еңбек және халықаралық аренада Сіздің еліңіздің беделі мен рөлі одан әрі арта беруін тілеймін.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Жоғары Мәртебелі Қазақстан Президенттігіне қайта сайлануыңыз дана басшылығыңыздың еліңіздің халқынан кең қолдау тапқанын көрсетеді.
Ауғанстан халқы Жоғары мәртебелі басшылығымен жүзеге асырылып отырған Қазақстанның көмегін әрдайым ризашылықпен қабылдайды. Ауғанстан мен Қазақстан халықтары арасында орныққан тығыз байланыстарды жоғары бағалай келе, біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара іс-қимыл алда да кеңейе түсетініне сенемін.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауының жоғары екендігінің айқын көрінісі.
Көреген саясаткер және басшы ретіндегі Сіздің бай тәжірибеңіз бұдан былай да Қазақстан мүддесіне, біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достық және тату көршілестік қатынастарды нығайтуға қызмет ете беретініне сенемін.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Бүгінде Қазақстанды халықаралық аренада тек қана өз азаматтарына бейбітшілік пен тұрақтылықты, қауіпсіздік пен гүлденуді, үйлесім мен дамуды қамтамасыз еткен мемлекет ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық мүшелерімен тығыз ынтымақтастық пен жемісті серіктестікті орнықтырған мемлекет ретінде біледі. Қазақстан халқы Тәуелсіздік жылдарындағы елде жүзеге асырылған орасан жаңаруларды Сіздің есіміңізбен тікелей байланыстырады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежад құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын ниетіммен құттықтаймын.
Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық келешекте де табысты дами беретініне сенемін.
Сізге мықты денсаулық және табыс, Қазақстан халқы мен еліне бақыт пен игілік тілеймін.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті Мевлют Чавушоглу құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Байқаушылардың қорытындысына орай, Қазақстан әр өткізген сайлау барысында оның процесі елеулі жетілдіріле түскені атап өтілген. Өткен сайлау нәтижелері Қазақстан халқының қалауын білдіреді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Люксембург Ұлы Герцогтігі Премьер-министрі Жан-Клод Юнкер құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне Сіздің қайта сайлануыңызға байланысты Сізді шын жүректен құттықтауға, сондай-ақ Сіздің жоғары қызметіңізде жаңа жарқын істер мен жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіз.
Сізбен бірге біздің елдеріміз бен біздің халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты күшейтуге ұмтылатынымызға қуаныштымын. Мен үшін екі- жақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді Сізбен талқылау мүмкіндігіне ие болу үлкен құрмет.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Оман Сұлтаны Кабус бен Саид құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
Сізді Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің халықтарымыздың игілігі үшін Қазақстан мен Оман Сұлтанаты арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға деген біздің шынайы ұмтылысымызды тағы да қуаттағымыз келеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жарқын жеңісімен Түрік Республикасының Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сіздің осы күнге дейін ұстанған саяси және әлеуметтік бағыт-бағдарыңызды қолдайтынын айқындайтын маңызды көрсеткіш екені даусыз. Қазақстанның алдағы кезеңдерде Сіздің басшылығыңызбен гүлдену жолындағы нық қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне толық сенімдімін.
Елдеріміз арасындағы бауырластық сезімдер мен ортақ тіл, мәдениет және тарихи байланыстардан күш алатын мызғымас қарым-қатынастар мен ынтымақтастық халықтарымыздың мүддесі үшін арта түседі және өңіріміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет етеді деген сенімдерді осы орайда тағы да бір рет қуаттағым келеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамил Һасанов құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
Сайлау нәтижелері өз болашағы мен үкілі үмітінің келешектегі қарқынды әлеуметтік және экономикалық дамуын Өзіңіздің есіміңізбен байланыстыратын Қазақстан халқының Сізге деген айрықша сенімін мейлінше айғақтайды.
Біз Сізді әлемдегі зор құрмет пен абырой-беделге ие дана, ұстанымы берік саясаткер ретінде білеміз.
Өңірлік лидер бола отырып, Қазақстан түркі қоғамдастығына кіретін бауырлас елдердің көп қырлы өзара іс-қимылын жан-жақты дамытуға бағытталған қызметінде басты рөлдердің бірін атқарады. Сіздің белсенді ұстанымыңыз алдымызда тұрған міндеттерді оңтайлы шешуге тиімді жол салуға мүмкіндік беретініне сенемін.